Патшалықтар 2-ж.  8
Дәуіт патшаның жеңістері
1
Біраз уақыт өткеннен кейін Дәуіт філістірлерге шабуыл жасап, оларды өзіне бағындырды. Содан ол елдерінің басты қаласын
а
філістірлердің қолынан тартып алды.
2
Дәуіт моабтықтарды да жеңді. Оларды жерге жатқызып, арқанмен өлшеді. Арқанның екі рет өлшеуімен алынғандар өлімге кесіліп,
ә
толық бір рет өлшеумен алынғандар тірі қалды. Сонымен моабтықтар Дәуітке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтін болды.
3
Бірде Дәуіт Евфрат өзенінің жағасындағы билігін қалпына келтіруге аттанып, Соба елінің патшасы Рехоб ұлы Ададәзерге
б
шабуыл жасап, оны жеңіп шықты.
4
Сонда Дәуіт оның бір мың жеті жүз аттылы және жиырма мың жаяу жасақшысын қолға түсірді. Дәуіт жаудың соғыс күймелеріне жегілетін барлық жылқылардың тілерсектерін қиып тастап, жүз соғыс күймесіне жетерлік аттарды ғана аман қалдырды.
5
Соба патшасы Ададәзерге дамаскілік сириялықтар
в
көмекке келген кезде Дәуіттің жасағы олардың жиырма екі мың жауынгерін қырып салды.
6
Содан Дәуіт Дамаск қаласы мен оның айналасына өз қарауылдарын орналастырды. Осылай арамалықтар Дәуітке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтін болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды.
7
Дәуіт Ададәзердің нөкерлерінің алтын жалатқан қалқандарын жинап, Иерусалимге алып келді.
8
Ададәзердің қол астындағы Бета мен Беротай деген екі қаладан Дәуіт патша өте көп мөлшерде қола олжалап алды.


9
Хамат патшасы Тоу
г
Дәуіттің Ададәзердің бүкіл әскерін жеңгенін естігенде,
10
өз ұлы Жорамды Дәуіт патшаға жіберіп, жеңісімен құттықтаған сәлемін жолдады. Себебі Ададәзер Тоу патшамен жауласып жүрген болатын. Жорам Дәуітке күміс, алтын, қоладан жасалған бұйымдарды ала келіп, сыйға тартты.
11
Дәуіт патша осы заттарды Жаратқан Иеге бағыштады. Ол бұрынырақ жеңген барлық елдерден:
12
Едом,
ғ
Моаб, аммондықтар, філістірлер және амалектіктер елдерінен алынған күміс пен алтынды, әрі Соба патшасы Рехоб ұлы Ададәзерден түскен олжаны да осылай Жаратқан Иеге арнаған болатын.
13
Осылай Дәуіттің атағы кеңінен жайылды. Сол жорықтан қайта оралған соң, ол Тұзды аңғарда он сегіз мың едомдықты
д
жеңіп шықты.
14
Дәуіт Едом еліне қарауылдарын орналастырып, халықтың барлығы оған бағынышты болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды.
Патшаның уәзірлері, нөкерлері және патшазадалары
15
Дәуіт бүкіл Исраилге билік жүргізіп, күллі халықтың арасында заңдылық пен әділдікті жүзеге асырды.
16
Сарұяның ұлы Жоғаб — әскер қолбасшысы, Ахилуд ұлы Жосапат
е
— уәзір әрі жылнамашы,
ж
17
Ахитұб ұлы Садық пен Абиятар ұлы Ахимәлік — діни қызметкерлер, Серая — хатшы,
18
әрі Еходай
з
ұлы Бенаях — кереттік және пелеттік
и
ұлан бөлімдерінің қолбасшысы болды. Дәуіттің ұлдары да патшаның қызметінде тұрды.
к

а  Яғни Ғат қаласын (Шеж1 18:1). Түпнұсқада: Метег-Амма.

ә  Моабтықтар Исраил халқын азғындыққа салынып, жалған тәңірлерге табынуға еліктірген еді (Рул 22:4-6; 25:1-4).

б  Соба (яки: Цоба): бүгінгі Сирияның астанасы Дамаскіден солтүстікке қарай жүз шақырымдай жерде орналасқан ежелгі қала мен патшалық, Саул олардың патшаларын жеңіп шыққан еді (Пат1 14:47-48). Ададәзер есімінің Хададәзер мен Адраазар деген түрлері де бар.

в  Яки: сириялықтар (Жар 25:20).

г  Имаф деп те аталатын Хамат қаласы Дамаскіден солтүстікке қарай екі жүз шақырымдай жерде орналасқан еді. Тоу: осы есім Той немесе Фой деп те дыбысталады.

ғ  Немесе: Арама; яки: Сирия.

д  Немесе: арамалықты; яки: сириялықты.

е  Оның есімі Еһошапат деп те жазылады.

ж  (20:24; Пат1 4:3) Яки: шежіреші.

з  Еходай: осы есім Еһояда не Иодай деп те дыбысталатын.

и  Крит аралы арқылы Таяу шығысқа көшіп келген пелеттіктер філістірлермен ұлттас, ал кереттіктер Крит аралының жергілікті халқынан шыққан болса керек.

к  Немесе: ұлдары діни қызметтерді атқарды.