Патшалықтар 4-ж.  17
Солтүстік Исраилдің соңғы патшасы Ошия
1
Яһуда еліне Ахаз патшалық құрған он екінші жылы Ила
а
ұлы Ошия Самария қаласында Солтүстік Исраилдің патшасы болып, тоғыз жыл билік жүргізді.
2
Ошия Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді, бірақ олары Солтүстік Исраилдің бұрынғы патшаларының қылықтарындай болған жоқ.
3
Бірде Ассурдың патшасы Салманасар Ошияға қарсы аттанды.
ә
Себебі бұрынырақ Ошия оған бағынышты болып, алым-салық төлейтін еді.
б
4
Ал сол кезде Ошия Ассур патшасына әр жылға төленетін алым-салығын жібермей, оған қарсы одақтаспақ болып Мысыр патшасы Со перғауынға
в
елшілерін жолдады. Мұнысын Ассурдың патшасы біліп қойып, Ошияны ұстап алып, зынданға жауып тастады.
Солтүстік Исраил халқының Ассурға жер аударылуы
5
Ассурдың патшасы бүкіл елді жаулап алып, Самария қаласына барып, оны үш жыл бойы қоршауға алды.
6
Ошия патшалық құрған тоғызыншы жылы Ассур патшасы Самарияны қолына түсіріп, оның халқын Ассур еліне жер аударып әкетті. Оларды Халахқа, Хабор өзенінің бойындағы Ғозанға және Мидияның
г
қалаларына қоныстандырды.
7
Мұның барлығы исраилдіктер өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге қарсы күнә жасағандықтарының кесірінен болды. Ал Жаратқан Ие ежелде олардың ата-бабаларын Мысыр патшасы перғауынның қолынан құтқарып, сол елден алып шыққан болатын. Сонда да Исраил халқы бөгде тәңірлерді терең қастерлейтін болды, әрі
8
Жаратқан Ие ата-бабаларының алдынан елден қуып шыққан халықтардың теріс әдеттеріне
ғ
және Солтүстік Исраилдің патшалары енгізген азғын дәстүрлеріне еліктеді.
9
Исраилдіктер, сондай-ақ, өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге қарсы әділетсіз істерді астыртын да істеп жүрді. Олар барлық елді мекендерінде, күзет мұнарасында болсын, қамалды қалада болсын биіктеу жерлердегі табыну орындарын жасап алған болатын.
10
Осылайша исраилдіктер әр биік төбе басында және әрбір саялы ағаштың түбінде тас бағаналарды және әйел тәңір Ашераға арналған ағаш бағаналарды орнатып қойды.
11
Жаратқан Ие өздерінің алдынан аластатқан елдің бұрынғы тұрғындары істегендей, олар да сол биіктеу жерлердің барлығында (жалған тәңірлерге арнап) хош иісті заттарды түтетіп ұсынып жүрді. Исраилдіктер бұларымен Жаратқан Иенің қаһарын туғызатын қылықтар жасады.
12
Жаратқан Ие: «Бұндай нәрсені істемеңдер!» деп бұйырғанмен,
д
олар жалған тәңірлерге құлшылық ете берді.
13
Жаратқан Ие Солтүстік Исраилдің және Яһуданың халқын Өзінің барлық пайғамбарлары мен хабаршылары
е
арқылы: «Жаман жолдарыңнан қайтыңдар! Мен ежелде ата-бабаларыңа тапсырған, әрі Өзіме қызмет етуші пайғамбарларым арқылы сендерге де табыстаған бүкіл Таурат заңымдағы өсиеттерім мен ережелерімді орындаңдар!» — деп ескертіп жүрді.
14
Бірақ олар тыңдамай, кезінде өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге сенім артпаған ата-бабалары сияқты тоңмойын болып қасарысып алды.
15
Осылай Құдайдың халқы Оның тапсырған ережелерінен де, ата-бабаларымен жасаған Келісімінен де бас тартып, ескертулеріне құлақ аспады. Соның орнына олар түкке тұрғысыз «тәңір бейнелеріне» табынып, өздері де түкке тұрғысыз болып кетті. Жаратқан Ие: «Солар сияқты істемеңдер!» — деп тыйым салғанмен, олар айналаларындағы халықтардың соңынан ілесіп кетті.
16
Содан исраилдіктер бұрын сиынған Құдайлары Жаратқан Иенің барлық өсиеттерінен безіп, жас бұқаның екі мүсінін құйып алып, Ашераға арналған ағаш бағананы да жасап орнатты. Сондай-ақ, олар аспан денелерінің барша топтарына да табынып, Бағалға да құлшылық ететін болды.
ж
17
Олар тіпті өз ұл-қыздарын отқа өртеп құрбан етіп, балгерлікпен және сиқыршылықпен
з
де айналысты. Осылай исраилдіктер Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеуге салынып, Оның қаһарын туғызды.
18
Бұдан Жаратқан Ие исраилдіктерге қатты қаһарланып, оларды Өзінің қасынан
и
аластатты. Тек Яһуда руынан басқа ешкім елде қалмады.
19
Алайда Яһуданың халқы да өзінің Құдайы Жаратқан Иенің өсиеттерін орындамай, Солтүстік Исраил енгізген жаман дәстүрлерге еліктеп кетті.
20
Сондықтан Жаратқан Ие Исраилдің бүкіл үрім-бұтағынан бас тартып, оларды түрлі пәлелерге ұшыратты. Халық Өзінің қасынан толығымен аластатылғанша, Жаратқан Ие оларды тонаушы басқыншылардың қолдарына тапсырды.
21
Бұрынырақ Жаратқан Ие Солтүстік Исраилді Дәуіттің әулетінің билігінен тартып алған кезде
к
, оның халқы Набат ұлы Еробоғамды өздеріне патша етіп таңдап қойған болатын. Ал Еробоғам оларды Жаратқан Иеге мойынсұндырмай зор күнә жасауға адастырды.
22
Солтүстік Исраилдің халқы Еробоғам енгізген күнәлардың бәрін
қ
жасай беріп, олардан бас тартпады.
23
Ақыры, Өзіне қызмет еткен бүкіл пайғамбарлары арқылы алдын ала ескерткендей, Жаратқан Ие оларды өз қасынан
л
аластатты. Сонда Солтүстік Исраилдің халқы Ассур еліне жер аударылды. Олар күні бүгінге дейін сол жерде тұрып жатыр.
Ассурдың Солтүстік Исраилге жат жерліктерді қоныстандыруы
24
Ассур елінің патшасы Бабыл, Құта, Аууа, Хамат
м
және Сепар-Уайм өлкелерінен халқын көшіріп әкеліп, оларды исраилдіктердің орнына Самария
н
еліндегі қалаларға қоныстандырды. Осылар Солтүстік Исраилдің жерін иемденіп, қалаларына орнығып алды.
25
Солтүстік Исраилге енді ғана қоныс тепкен жат жерліктер Жаратқан Иені қастерлемейтін. Сондықтан Жаратқан Ие соларға арыстандарды жіберіп, олар бірсыпыра адамды қырып тастады.
о
26
Сонда Ассур патшасына: «Өзіңіз жер аударып алып келіп, Самарияның қалаларына қоныстандырған халқыңыз сол жердің Тәңірінің
ө
бұйырған табыну ережелерін білмейді. Сондықтан Ол араларына арыстандарды жіберіп, олар адамдарды жарып құртып жатыр. Өйткені халық жердің Тәңірінің заңдарын білмейді», — деген хабар жетті.
27
Ассур патшасы:
п
«Сол жақтан жер аударылған діни қызметкерлердің бірін еліне қайтарыңдар! Ол сонда тұрып, халыққа сол жердің Тәңірінің заңдарын үйретсін!» — деп әмір етті.
28
Содан Самариядан жер аударылған діни қызметкерлердің бірі Бетел қаласына келіп қоныстанып, көшіп келгендерге Жаратқан Иені қастерлеп, Оған ғибадат етуді үйретті.
29
Бірақ солардың әрбір ұлты мекендеген қалаларында өздері табынып келген жалған тәңірлерінің мүсіндерін де жасап алды. Соларын бұрын самариялықтар биіктеу жерлерде салып кеткен ғибадатханаларға орналастырды:
30
бабылдықтар — Соқот-Бенот, құталықтар — Нергал, хаматтықтар — Ашима,
31
аууалықтар — Нибхаз бен Тартақ есімді жалған тәңірлердің мүсіндерін жасап, орнатты. Сепар-Уаймнан көшіп келгендер сол жерде табынған Адрам-Мәлік пен Анам-Мәлік деген жалған тәңірлеріне арнап тіпті өз балаларын да отқа өртеп құрбан етті.
32
Осы ұлттар Жаратқан Иеден де қорқып, Оны қастерлейтін. Олар биіктеу жерлердегі ғибадатханаларда құрбандықтарды ұсыну үшін өздерінің араларындағы түрлі адамдардан діни қызметкерлерді тағайындады.
33
Осылайша олар Жаратқан Иеден қорқып Оны қастерлей бастады, әрі бұрын тұрған елдерінің діни дәстүрлеріне сәйкес өздерінің жалған тәңірлеріне әлі де құлшылық ететін болды.
34
Сол жаңадан қоныстанғандар осы күнге дейін бұрынғы дәстүрлерін тастамай жүр. Олар Жаратқан Иені шын жүректен қастерлемейді де, Оның Жақыптың үрім-бұтағына тапсырған ережелері мен шешімдеріне және Таурат заңындағы өсиеттеріне бағынбайды да. Жақыпқа Жаратқан Ие ежелде Исраил деген қосымша ат берген еді.
р
35
Жаратқан Ие Исраил халқымен Келісім жасап, оларға мынадай өсиет берген болатын: «Бөтен тәңірлерден қорықпаңдар, оларға не иіліп құлшылық етуші, не құрбандық шалып ұсынушы болмаңдар!
с
36
Қайта, өздеріңді қолымды созып, зор құдіретпен Мысыр елінен құтқарып алып шыққан Маған, Жаратқан Иеге, ғана мойынсұнып сиынып, құрбандық шалып ұсыныңдар!
37
Өздеріңе жазып беріп, табыстаған ережелерім мен шешімдерімді, Таурат заңындағы өсиеттерімді сақтап, әрқашан мұқият орындауларың керек. Ал бөтен тәңірлерден еш қорықпаңдар, оларды қастерлеуші де болмаңдар!
38
Осылайша Менің өздеріңмен жасаған Келісімімді ұмытпаңдар, бөтен тәңірлерден қорқып, оларды қастерлемеңдер!
39
Қайта, сендер Мені — Құдайларың Жаратқан Иені ғана терең қастерлеулерің керек. Мен өздеріңді барлық жауларыңның қолынан құтқарып алатын боламын!»
40
Бірақ халық Оған құлақ аспай, бұрынғы теріс дәстүрлерін орындай берді.
41
Олар Жаратқан Иеден қорқып, Оны қастерлей тұра, өздерінің тәңір мүсіндеріне де ғибадат етуді жалғастырды. Кейінгі ұрпақтары да күні бүгінге дейін солай істеп келе жатыр.

а  (15:30; 18:9) Оның есімі Эла деп те жазылады.

ә  18:9.

б  Ошия Ассурдың бұрынғы патшасы Тығылат-Пеләсерге де бағынышты болып, алым-салық төлейтін еді.

в  Осы перғауын тарихта белгілі Осорқон болса керек.

г  Халах, Ғозан: бүгінгі Ирак елінің солтүстік жағында орналасқан ежелгі қалалар (18:11; 19:12; Шеж1 5:26). Мидия (яки Медия): Каспий теңізінен оңтүстік-батыс жағында орналасқан ежелгі ел (Иш 13:17; 21:2).

ғ  Яки: ережелеріне.

д  Мыс 20: 4-5.

е  Яки: көріпкелдері (Пат1 9:9).

ж  Заң 4:19; Пат3 12:28; 14:15,23; 16:31.

з  Яки: сәуегейлікпен (21:6; Заң 18:10-12; Иш 8:19; 47:9,12-13).

и  Яғни уәделі елмен соның астанасы Иерусалимнен. (Жаратқан Ие Иерусалимдегі киелі үйді Өзінің жер бетіндегі тұрағы ретінде таңдаған еді: Пат3 8:13.)

к  Пат3 11:11,31; Шеж2 10:12-19.

қ  Пат3 12:28-33.

л  Яғни уәделі ел мен Иерусалим қаласынан (17:18,20).

м  Аууа — Иууа, ал Хамат — Емаф деп те дыбысталады (14:28; Пат2 8:9; 18:34).

н  Яғни Солтүстік Исраил (Шеж2 28:8).

о  Леу 26:22.

ө  Сол адамдар Құдай Иенің көк пен жерді жаратқан, құдіреті шексіз Хақ Тағала екенін білмейтін (Мыс 5:2; Әйүп 36:26).

п  Саргон ІІ (б.з.д. 722-705 жж. билік құрған).

р  Жар 32:28; 35:10.

с  Мыс 20:5; Заң 5:9; Бил 6:10.