Жоханның екінші хаты
Жазба туралы мәлімет
Бұл хатты да Құдайдың елшісі Жохан б.з. 85-95 жылдарында жазған. Сол заманда бірқатар уағызшылар мен тәлім берушілер Ізгі хабарды ел аралап тарататын. Сенушілер дәстүр бойынша оларды үйлеріне қондырып, сапарларын жалғастыру үшін қажет нәрсенің бәрімен қамтамасыз етіп отырған.
Осы қонақжайлылықты «білімпаздық» деп аталған қате ілімді таратушылар пайдаланып жүрген еді. Сондықтан қарт елші осы хатымен қауымдарды сақтандырып, ел аралап жүрген уағызшылардың қандай ілімді таратып жүргенін тексерулерін ескертеді. Әйтпесе қауымдардың сол жалған ілімдерді таратуға өздерінің қалауынсыз болса да қатысқан болып шығулары әбден мүмкін еді.