Қорынттықт. 2-хат  7
1
Осы уәделердің бәрі де бізге берілгендіктен, сүйікті бауырластарым, тәніміз бен рухымызды арамдайтын барлық нәрселерден тазарып, Құдайды терең қастерлеп,
а
толығымен Оған бағышталған қасиетті өмір сүрейік!
Қорынттықтардың күнәдан тазарғандықтарына қуаныш
2
Жүректеріңнен бізге орын беріңдер. Біз ешқайсыңа да әділетсіздік істеп, зиян келтірген жоқпыз. Ешкімді алдап, пайдаланған да емеспіз.
3
Бұларды айтқандағы мақсатым сендерді айыптау емес. Бұрын айтып кеткенімдей, жүрегіміздің төріндесіңдер; бірге өліп не бірге өмір сүруге дайынбыз.
ә
4
Өздеріңе деген сенімім зор, сендерді ерекше мақтан тұтамын. Соншама көп азап шексек те, жігерім артып, қуанышым қойныма сыймайды.
б
5
Ал Македонияға келгеннен кейін тәніміз дамыл таппай, жан-жақтан қысым-қыспақ көрдік: сырттан — шабуыл, ішімізде — үрей-қорқыныш.
в
6
Бірақ еңсесі түскенді жігерлендіретін Құдай бізді Титтің келуімен жігерлендірді.
7
Тек Титтің келуі ғана емес, сондай-ақ, сендердің оны жігерлендіргендерің туралы айтып бергендері де көңілімізді орнықтырды. Тит өздеріңнің бізді аңсап-сағынып, опық жеп жылап, мен үшін ынталана құлшыныс жасағандарың жайында хабар әкелді. Бұған одан бетер қуандым.
8
Тіпті сендерді жазған хатыммен қапаландырсам да, мұныма өкінбеймін. Расында мен хатымның сендерді қасіретке батырғанын көріп, өкінген де едім. Ал қасіреттерің уақытша ғана болды.
9
Қазір мен қуаныштымын — қасіреттеріңе бола емес, опық жеп қайғырып, теріс жолдан қайта оралғандарыңа бола. Сол қайғыларың Құдайдың еркімен болған еді, сондықтан да ешқандай зиян көрмедіңдер.
10
Себебі Құдайдың еркімен болған қайғы-қасірет адамның Оған бет бұрып, құтқарылуына түрткі болады. Ол кейін соған өкінбейді де. Ал күнәкар дүниелік қайғы-қасіреттің нәтижесі — рухани өлім.
г
11
Құдайдың еркімен болған қайғыларыңнан өздеріңде не туындағанын қараңдаршы: қандай ынта-жігер, күнәдан арылуға деген неткен ұмтылыс, болған жайтқа не қылған наразылық пен абыржу, неткен сағыныш, бәрін түзетуге деген соншама құлшыныс, қандай әділ жаза! Осының бәрімен сендер бұл істе
ғ
кінәратсыз таза екендіктеріңді дәлелдедіңдер.
12
Ал мен сол хатты не қорлағанға, не қорланғанға бола жазған жоқпын. Сендердің Құдай алдында біздің қамдарымызды қалай ойлайтындарыңа
д
көздеріңнің жетуін қаладым.
13
Сол себептен де жігерлендік.
Ал Титтің қуанышына одан бетер риза болдық, барлығың да оның көңілін орнықтырдыңдар.
14
Сонымен, сендерді мақтауыммен ешбір ұятқа қалмадым. Қайта, сендерге айтқанымыздың түгел шынайы екеніндей, Титке өздеріңді мақтауымыз да нағыз шындық болып шықты.
15
Ол сендерді тіптен жақсы көріп, бәріңнің өзін қалай тыңдап, қатты қобалжып қастерлеп, қол қусырып қабылдағандарыңды
е
есіне алып отырады.
16
Ал мен қай істе де өздеріңе сене алатыныма қатты қуанамын!

а  Яки: Тәңір Иеге ұнамсызды істеуден шошынып (Иш 6:5).

ә  (6:11-13; 11:11; 12:15) Яки: бірге өліп, бірге мәңгі өмір сүретін боламыз.

б  1:4; 6:10.

в  2:13; 4:8; 16:33.

г  Яғни Тәңір Иеге мойынсұнбайтындар кейде күнәларына опық жесе де, теріс жолдарынан шынымен қайтпай, Құдайдан мәңгі ажырайды (Евр 12:17; Жар 27:34-38,41; Мат 27:1-10).

ғ  Яки: бұл мәселеде (2:5-6).

д  (2:9; 7:7-8,16) Немесе: біздің өз қамдарыңды қалай ойлайтынымызға.

е  Немесе: өзін қалай тыңдап, қорқып дірілдеп қабылдағандарыңды.