Шежірелер 2-ж.  8
Сүлейменнің түрлі іс-әрекеттері мен жетістіктері
1
Сүлеймен Жаратқан Иеге арналған ғибадатхананы және өзінің патшалық сарайын жиырма жылда салып бітірді.
2
Ол сонымен қатар Тир патшасы Хирам өзіне табыстаған қалаларын
а
да қайта салғызып, оларға исраилдіктерді орналастырды.
3
Сүлеймен Хамат-Соба
ә
патшалығына аттанып, оны да өзіне бағындырды.
4
Кейін ол елсіз даладағы Тадмор қаласын және Хамат еліндегі астық сақтауға арналған қойма қалаларының бәрін салғызды.
5
Сүлеймен жоғарғы және төменгі Бет-Хорон қалаларын қорған етіп қайта салғызып, қақпаларын мықты бөренелермен және ысырмалармен бекіткізді.
б
6
Патша, сондай-ақ, Бағалат қаласын және астық сақтау үшін қойма қалаларын әрі соғыс күймелері мен атты әскерінің жылқыларына арналған барлық қалаларды да салғызды. Жалпы, ол Иерусалимде, Ливан тауларында және өзінің билігіне бағынатын барлық жерде саламын дегендерінің бәрін де жүзеге асырды.
7
Елдің Исраил халқына жатпайтын байырғы тұрғындары, яғни хеттік, аморлық, перездік, хевтік және ебустік ұлттар да болды.
8
Солардың исраилдіктер елді иемденіп алғанда құртып жібермеген ұрпақтарының бәрін Сүлеймен жұмыс істеуге мәжбүрледі. Бұл жағдай әлі күнге дейін сақталып келеді.
в
9
Ал патша исраилдіктердің ешқайсысын малайлық жұмыстарына салмады. Бұларды өзінің жасақшылары, әскери бөлім басшылары,
г
соғыс күймелері мен атты әскерінің жетекшілері етіп тағайындады.
10
Сүлеймен патшаның халықты басқарған екі жүз елу қызметкері де осылардың арасынан еді.


11
Сүлеймен өзінің жұбайы — Мысыр патшасы перғауынның қызына арнап сарай салғызып, оны Дәуіттің шаһарынан сол сарайға көшірді. Ол былай деді: «Бұл әйелім Исраилдің патшасы Дәуіт марқұмның сарайын мекендемеуі керек,
ғ
себебі кезінде Жаратқан Иенің Келісім сандығы тұрған жерлер Құдайға ерекше бағышталған».


12
Сүлеймен киелі үйдің кіреберісінің алдында Жаратқан Иеге арналған құрбандық үстелін жасатқан еді. Сол кездері ол оның үстінде Жаратқан Иеге шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар ұсынатын.
13
Патша Мұса пайғамбар қалдырған ереже бойынша әр күннің қажетті құрбандықтары мен сый-тартуларын Тәңір Иеге бағыштайтын. Ол, сондай-ақ, демалыс күндері, әр айдың басында және жыл сайын өткізілетін басқа үш мейрамда, яғни Ашымаған нан, Жеті апта
д
және Күркелер мейрамдарында, Құдайға арнайы құрбандықтар бағыштайтын.
14
Патша әкесі Дәуіт марқұмның нұсқауларына сәйкес діни қызметкерлерге топ кезектері бойынша міндеттерін жүктеді. Ол өзге леуіліктерге мадақтау қызметін жүргізуді және күнделікті мұқтаждық бойынша діни қызметкерлерге көмектесуді тапсырды
е
және қақпашыларды өз топтарына сай ғибадатхананың әр қақпасына бекітіп қойды. Патша осының бәрін Құдайдың таңдаған адамы Дәуіттің қалдырған нұсқауларына сәйкес істеді.
15
Барлық мәселелерде, соның ішінде ғибадатхана қазынасы бойынша да, діни қызметкерлер мен леуіліктер патшаның берген бұйрықтарын бұлжытпай орындап жүрді.
16
Осылайша Сүлейменнің Жаратқан Иенің киелі үйінің негізін салған күнінен бастап, оны толығымен бітірген күніне дейінгі жасаған еңбегі жүзеге асып, аяқталды.
ж
Алыс елдермен сауда байланысы
17
Сол кезде Сүлеймен Едом жерінің Қызыл теңіз жағалауында орналасқан Есион-Гәбер мен Елат қалаларына барды.
з
18
Хирам патша оған қызметшілері арқылы кемелерін жіберіп,
и
соларды басқаратын тәжірибелі теңізшілерін де жолдады. Олар Сүлейменнің қызметшілерімен бірге кемемен (Қызыл теңіз арқылы) Опыр жеріне
к
жүзіп барды. Сол жақтан олар төрт жүз елу ат басындай
қ
алтын алып келіп, Сүлеймен патшаның қолына тапсырды.

а  Пат3 9:11-13; Еш 19:27.

ә  Хамат, Соба: Исраилдің солтүстігіндегі арамалық қалалар және оларға бағынышты жерлер (Пат2 8:3,9; Шеж1 18:3,5,9).

б  14:7; Бил 16:3.

в  Демек, бұл жағдай осы мәтіннің түпнұсқасы жазылған кезде әлі де солай болатын (5:9; Еш 16:10).

г  Яки: ұландарының сардарлары.

ғ  Себебі осы мысырлық әйел Жаратқан Иеге мойынсұнбайтын. Сүлейменнің сондай әйелдерге үйленіп, күнәға батқанын Құдай Тағала жек көрді. Кейін Ол патшалықтың басым бөлігін Сүлейменнің ұлы Рохабоғамның қолынан тартып алып, бір нөкеріне берді (10:15-17; Пат3 11:1-11,29-33).

д  Яғни Елулік (Алғашқы өнім) мейрамында (Заң 16:16).

е  Шеж1 6:31-32; 15:16; 16:4-6; 23:1-6.

ж  Пат3 9:25.

з  Қызыл теңіздің Ақаба шығанағында орналасқан, кеме тоқтайтын бұл екі қала Сүлейменнің оңтүстік елдермен үлкен мөлшерде сауда-саттық жасауына жол ашты (8:18; 9:1).

и  Кемелердің бөлшектері Тирде дайындалып, Исраил елі арқылы Есион-Гәбер не Елат қалаларына жеткізіліп, сол жерде жинақталған шығар (2:16; 8:17).

к  Офир деп те аталған осы жер оңтүстік Арабияда, шығыс Африкада не Үндістанда орналасқан болатын(Жар 2:11-12; 10:29-30; Пат3 9:28; 10:22).

қ  Шамамен 16 тонна.