Шежірелер 2-ж.  19
Пайғамбардың Жосапатты әшкерелеп ескертуі
1
Ал Яһуда елінің патшасы Жосапат Иерусалимдегі сарайына аман-есен қайта оралды.
2
Сонда Ханани ұлы Еху атты пайғамбар оның алдынан шығып, былай деді: «Зұлым адамды қолдап,
а
Жаратқан Иені жек көретіндерді жақсы көргеніңіз дұрыс па?! Осыны істегеніңіз арқылы өзіңізге қарсы Жаратқан Иенің қаһарын туғыздыңыз.
3
Алайда сізден біраз жақсылық та табылды. Сіз Ашераға
ә
бағышталған ағаш бағаналарды елден құртып жоқ қылдыңыз, әрі шын жүректен Құдайға бет бұрып сиынған едіңіз», — деді.
б
Жосапаттың халықты тура жолға шақырып, төрешілер тағайындауы
4
Мұнан кейін Жосапат патша астанасы Иерусалимде тұрып қалды. Дегенмен патша жолға шығып, оңтүстіктегі Бер-Шебадан солтүстіктегі Ефремнің қыратты жеріне дейін тұратын халқын аралап та отырды. Оларды ата-бабаларының Құдайы Жаратқан Иеге кері қайтып, Оған ғана бағышталуға шақырды.
в
5
Патша бүкіл елдегі бекіністі қалаларда төрешілер тағайындап,
6
оларға былай деп бұйырды: «Істейтін істеріңе мұқият көңіл бөліп жүріңдер! Себебі адамның емес, Жаратқан Иенің атынан төрелік етесіңдер. Сендер үкім шығарған кезде Жаратқан Ие қастарыңда болады.
г
7
Сондықтан Жаратқан Иені терең қастерлеп, зұлымдық атаулыдан шошыныңдар! Іс-әрекетеріңе мұқият назар аударыңдар! Біздің Құдайымыз Жаратқан Ие әділетсіз үкім, бет-жүзге қарау, пара алу дегеннің бірде-біреуіне төзбейді!»
ғ
8
Жосапат патша, сондай-ақ, Иерусалимде бірқатар леуіліктер мен діни қызметкерлерді және Исраилдің бірнеше әулет басшыларын да төреші етіп тағайындады. Олар Жаратқан Иенің Таурат заңына байланысты және өзге де даулар жайлы шешім қабылдауға міндетті болды. Олардың қызмет көрсететін жері Иерусалим қаласы еді.
9
Патша оларға нұсқау беріп былай деді: «Әрдайым Жаратқан Иені терең қастерлеп, міндеттеріңді адалдықпен және шын жүректен атқарыңдар!
10
Өз қалаларында тұратын яһудалықтар сендерге қандай да бір даумен келе қалса: не төгілген қан туралы болсын, не Жаратқан Иенің Таурат заңы, өсиеттері, ережелері және шешімдері туралы болсын, оларға: «Жаратқан Иеге қарсы күнә жасамауларың керек!» деп қатты ескертіңдер! Әйтпесе Оның қаһары сендерге және сол адамдарға төнеді. Ал осылай істейтін болыңдар, онда кінәлі болмайсыңдар.
11
Жаратқан Иенің Таурат заңына байланысты барлық мәселелерді шешуде сендерге бас діни қызметкер Амариях жетекші болады. Ал патшаға байланысты барлық мәселелерді шешуге Яһуданың рубасысы Ысмағұл ұлы Забадиях басшылық етеді. Леуіліктер сендерге басқару жағынан көмек көрсететін болсын. Батылдықпен әрекет етіңдер! Жаратқан Ие ізгілік істеушілерге жар болсын!»

а  18:1,3.

ә  14:3; 17:6.

б  12:6-7,12; 17:6; 18:1; Пат3 14:13; Мыс 34:13.

в  15:8-13.

г  (Леу 19:15; Заң 1:17) Немесе: Жаратқан Иенің алдында тұрасыңдар.

ғ  Жар 18:25; Заң 10:17-18; 16:18-20; 17:8-13; 32:4.