Шежірелер 2-ж.  13
Яһуда елінің патшасы Абиях
1
Еробоғам Солтүстік Исраилге патшалық құрған он сегізінші жылы Абиях Яһуда елінің патшасы болды.
2
Ол Иерусалимде үш жыл билік жүргізді.
а
Оның шешесінің аты-жөні гибеялық Ұриелдің қызы Маха
ә
еді.
Абияхтың Солтүстік Исраилдің жасағына арнаған сөзі
Абиях пен Еробоғамның арасында соғыс жүріп жатты.
3
Абиях төрт жүз мың мықты да ержүрек сарбаздан
б
құралған жасағын ертіп алып, соғысуға аттанды. Еробоғам да сегіз жүз мың мықты да ержүрек сарбазымен бірге сап түзеп дайын тұрды.
4
Абиях патша Ефрем руының қыратты жеріндегі Семараим
в
тауының басына шықты. Сол жерде тұрып, Абиях қатты дауыспен былай деді: «Уа, Еробоғам және бүкіл Исраил халқы, сөзіме құлақ салыңдар!
5
Исраилдің сиынған Құдайы Жаратқан Иенің Дәуітпен ешқашан бұзылмайтын тұрақты Келісім
г
жасағанын білмейтін бе едіңдер? Сол Келісім бойынша Жаратқан Ие Исраилге патшалық құруды Дәуітке және оның ұрпақтарына табыстады ғой!
ғ
6
Бірақ та Дәуіт ұлы Сүлейменнің бір басыбайлы қызметшісі — Набат ұлы Еробоғам көтеріліп, өз иесіне қарсы бүлік шығарды.
7
Сонда ақымақ та азғын бірсыпыра адамдар Еробоғамның айналасына жиналып, Сүлеймен ұлы Рохабоғамға қарсы күштерін нығайтты. Рохабоғам сол кезде әлі де ысылмаған жас болғандықтан, оларға қарсы тұра алмады.
д
8
Міне, бүгін өздерің де Жаратқан Иенің Дәуіттің ұрпақтарына табыстаған патшалығына қарсы тұрамыз дейсіңдер. Сендер үлкен тобыр болып жиналыпсыңдар. Еробоғам сендердің тәңірлерің болуға жасатқан алтын бұқа мүсіндері
е
қастарыңда бар екен.
9
Ал Жаратқан Иенің Һароннан тараған діни қызметкерлерін және леуіліктерді сендер өз араларыңнан қуып жібердіңдер ғой. Олардың орнына басқа халықтар сияқты діни қызметкерлеріңді өздерің тағайындап қойдыңдар. Кімде-кім бағышталу рәсіміне бір тана мен жеті қошқарды алып келсе, болды, әлгі адам сол жалған тәңірлеріңнің діни қызметкері болып шыға келеді.
ж
10
Ал бізде Құдайымыз Жаратқан Ие бар, Одан бас тартқан жоқпыз. Һароннан тараған діни қызметкерлер ғана Жаратқан Иеге қызметтерін ежелдегідей атқарып жатыр, леуіліктер де өз міндеттерін орындап жүр.
з
11
Олар күн сайын таңертең және кешке Жаратқан Иеге шалынып, өртелетін құрбандықтарды да, хош иісті заттарды да түтетіп ұсынуда. Олар арнайы үстелдің үстіне ұдайы нан тартуларын қойып, алтын шам қойғыштың шамдарын кеш сайын жағып, нұрын түсіріп жарқыратады. Себебі біз Құдайымыз Жаратқан Иенің белгілеген қызметтерін орындап жүрміз, бірақ сендер Одан бас тартып, безіп кеттіңдер.
12
Өздерің көріп тұрсыңдар, Құдай бізге жар болып, бізді бастап жүр! Оның діни қызметкерлері де алдыңғы шепте, олар сендерге қарсы ұрандап кернейлерін тартатын болады. Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, өз ата-бабаларыңның сиынған Құдайы Жаратқан Иеге қарсы соғыспаңдар! Бәрібір жеңіске жетпейсіңдер!»
Жаратқан Иенің Яһуда жасағын жеңіске жеткізуі
13
Сол екі арада Еробоғам Яһуда жасағының артқы тылына бір топ жауынгерлерін жіберген болатын. Яһуда сарбаздарының алдарынан Солтүстік Исраил жасағы, арттарынан сол торуыл тобы тұрды.
14
Яһудалықтар бұрылып, өздерінің алды-артынан шабуылға тап болайын деп жатқанын көргенде, Жаратқан Иеге қатты дауыспен жалбарынды. Ал діни қызметкерлер кернейлерін тартып ұрандатты.
15
Сол сәтте яһудалықтар атой салды. Олар атойлағанда Құдай Еробоғамға және Солтүстік Исраилдің бүкіл жасағына Абиях пен Яһуданың алдында соққы берді.
16
Содан Солтүстік Исраилдің адамдары Яһуда жасағынан қаша жөнелді. Құдай оларды яһудалықтардың қолына түсірді.
17
Абиях пен оның жасағы оларды ойсырата жеңіп, Солтүстік Исраилдің бес жүз мың таңдаулы сарбазы қаза тапты.
18
Солтүстік Исраилдің қалған адамдары тізе бүкті. Осылайша яһудалықтар ата-бабалары сиынған Құдайы Жаратқан Иеге сенімдерін артқандықтан,
и
күш-қуаты артып жеңіске жетті.
Еробоғам мен Абияхтың өмірлерінің соңы
19
Абиях Еробоғамды қуып, одан бірнеше қаланы: Бетел, Ешана және Ефронды соларға қарасты елді мекендерімен бірге тартып алды.
20
Абияхтың заманында Еробоғам енді қайтып өзінің күш-қуатын қалпына келтіре алмады. Ақырында Жаратқан Ие Еробоғамды аурумен соғып, ол қайтыс болды.
21
Ал Абиях күшейе берді. Ол он төрт әйел алып, жиырма екі ұл, он алты қыз сүйді.
22
Абияхтың қалған іс-әрекеттері мен сөздері жайлы «Иддо пайғамбардың түсіндірме кітабында» баяндалған.
к



а  Б.з.д. 913-910 жж.

ә  Ол Абессаломның немере қызы еді (Пат3 15:2). Оның есімінің өзге түрлері: Мааха, Михаия.

б  Яки: соғысқа таңдап алынған ер адамнан.

в  Семараим: Бунямин мен Ефрем руларының шекарасында орналасқан тау және ежелгі қала (Еш 18:22).

г  Яки: тұз Келісімін. (Тұздың тамақтарды бұзылудан ұзақ уақыт сақтағаны сияқты, осы Келісім де ұзақ уақытқа жасалған: Леу 2:13; Рул 18:19).

ғ  Пат2 7:12-16.

д  Шеж1 29:1.

е  Пат3 12:26-28.

ж  Пат3 12:33.

з  Мыс 40:12-16; Шеж1 6:3-14; 23:28-32.

и  13:10-11,14-16.

к  9:29; 24:27.