Тімотеге 1-хат  3
Қауым жетекшілері мен қызметшілері
1
«Егер біреу қауым басқарушысы болуға ынталанса, оның игілікті істі қалағаны». Бұл — дәл айтылған шынайы сөз.
2
Ал қауым басқарушысының ешбір кінәратсыз таза болуы қажет: ол әйеліне адал,
а
салауатты, байсалды, әдепті, қонақжай және қабілетті оқытушы,
3
не арақ-шарапқа құмар, не ұрыншақ та емес, шыдамды, айтыс-тартыстан аулақ жүретін, ақшаға да құнықпайтын жан болуға тиіс.
4
Ол отбасына жақсы басшылық жасап, балаларын өзін құрметпен тыңдайтындай етіп тәрбиелеуі шарт.
5
Өйткені өз отбасына басшылық ете алмаған адам қалайша Құдайдың қауымын қамқорлай алады?
6
Басқарушы сенім жолына жуықта ғана түскен біреу болмауға тиіс. Әйтпесе ол әзәзіл шайтан іспетті мақтаныштан кеудесін көтеріп, Құдайдың үкіміне ұшырауы мүмкін.
ә
7
Сондай-ақ, масқараланып, шайтанның торына түсіп кетпеуі үшін
б
қауымнан тыс жұрттың да оған жақсы куәлік берулері керек.
8
Сол сияқты, қауым қызметшілері де байыпты, өтірік айтпайтын жандар болып, маскүнемдік пен пайдақұмарлықтан аулақ жүрулері қажет.
9
Олар бізге сенім туралы ашылған шынайы ілімдерді
в
ұстанып, таза ар-ұжданмен өмір сүруге ұстануға тиіс.
г
10
Бұлар да алдымен сыналсын.
ғ
Содан кейін, егер айыпсыз болса, міндеттеріне кіріссін.
11
Сондай-ақ (қауым қызметшілерінің) әйелдері
д
де байыпты, өсек айтпайтын, салауатты, қай нәрседе де адал болуға тиіс.
12
Қауым қызметшілері әйелдеріне адал болып,
е
балалары мен отбасыларына жақсы басшылық етулері керек.
13
Міндеттерін жақсы атқаратындар зор беделге және Мәсіх Исаға деген сенімде үлкен батылдыққа ие болады.
«Сенімнің ұлы құпиясы»
14
Жақын арада саған баруға үміттенсем де, осы хатты жазып отырмын.
15
Сөйтіп, егер кешіксем, сенушілердің «Құдайдың отбасының» мүшелері ретінде
ж
қалай әрекет етуге тиіс екенін сен білетін боласың. Ал Оның «отбасы» — мәңгі тірі Құдайдың қауымы; ол шындықты бағана мен тіреу іспетті көтеріп ұстайды.
з
16
Құдайға ұнамдылық туралы бізге ашылған мына құпияның ұлы екендігі еш шүбәсіз:


Мәсіх
и
адам болып дүниеге келді,
Киелі Рух әділдігін дәлелдеді,
Содан Мәсіх періштелерге көрінді,
Халықтарға Ол жарияланды,
Жер жүзінде Оған көбі иланды,
Ол ұлылықпен көкке қабылданды.

а  Немесе: бір әйелге ғана үйленген.

ә  (Пет2 2:4) Немесе: кеудесін көтеріп, өсекшінің сынына ұшырауы мүмкін.

б  Тім2 2:26; Пет1 5:8.

в  Яғни Құдайдың бізге сенім туралы ашып білдірген құпия ілімін (3:16; Жох2 9:10; Еф 1:9-11).

г  1:5,19.

ғ  Яғни қауымда уақытша міндетін атқарып сыналсын.

д  Немесе: (қауымда қызмет ететін) әйелдер (Рим 16:1).

е  Яки: бір әйелге ғана үйленген (3:2).

ж  Немесе: Құдайдың үйінде.

з  Лұқ 12:8; Флп 1:27; 2:16; Тім2 2:15,19.

и  Яки: Құдай (Сөзі) (Жох 1:1,14; Жох1 1:1-2; 4:2; Мат 1:23).