Тімотеге 1-хат  1
Арнау және сәлем
1
Құтқарушымыз Құдайдың және үмітіміздің Бастауы — Иса Мәсіхтің бұйрығымен Иса Мәсіхтің елшісі болған Пауылдан
2
сеніміміздегі шынайы ұлым іспетті
а
Тімотеге дұғай сәлем. Лайым Құдай Әкеміз және Иеміз Мәсіх Иса саған рақымы мен қайырымын жаудырып, тыныштығын сыйлай берсін!
Қате ілімдерге қарсы ескертулер
3
Македонияға барарда өтініп сұрағанымдай, сен Ефес қаласында қалып, кейбіреулердің басқа ілімдерді үйретулеріне
4
және аңыздармен, ұлан-ғайыр шежірелермен шұғылдануларына тыйым сал. Бұлар сенім арқылы білінетін Құдайдың ісіне
ә
қызмет етудің орнына көп дау-жанжал тудырады.
5
Осы бұйрықтың мақсаты — пәк жүрек, таза ар-ұждан мен шынайы сенімнен бастау алатын сүйіспеншілікті ояту.
6
Кейбір адамдар бұлардан бас тартып, көп мылжыңдыққа түсіп, адасып кетті.
7
Олар Таурат заңының ұстаздары болғылары келеді, бірақ өз айтқандарын әрі табандылықпен білдіріп жүрген пікірлерін өздері дұрыстап түсінбейді.
8
Ал тиісінше қолданылса, Таурат заңының игілікті болатынын білеміз.
б
9
Оның Құдай алдында ақталған біздерге емес,
в
заң мен билікке бағынбайтындарға, зұлымдар мен күнәкарларға, қасиетсіздер мен дінсіздерге, ата-анасын не басқа біреуді өлтірушілерге,
г
10
бұзылғандар мен жыныстық азғындыққа түскендерге, кісі ұрлаушыларға, өтірікшілер мен жалған ант беретіндерге, яки дұрыс ілімге қайшы әрекет ететіндердің бәріне тыйым салатынын түсінеміз.
11
Осы ілім мадақталуға тиісті Құдайдың ұлы Ізгі хабарында мәлімденген.
ғ
Құдай соны уағыздауды маған аманаттады.
Құдайдың рақымына шүкірлік
12
Міндетімді атқаруға күш-қуат беріп келе жатқан Иеміз Мәсіх Исаға ризашылығымды білдіремін. Өйткені Ол мені сенімді болады деп бағалап, Өзіне қызмет етуге тағайындаған.
13
Бұдан бұрын Оған тіл тигізіп, қауымдарын қудалап, зорлық-зомбылық көрсеткеніммен, Иеміз маған қайырымды болды. Себебі менде әлі де шынайы сенім болмағандықтан, не істеп жүргенімді білмедім.
14
Осылай маған Иеміздің рақымы молынан төгіліп, Мәсіх Исадан келетін сенім мен сүйіспеншілікке кенелдім.


15
«Мәсіх Иса осы дүниеге келді
Құтқару үшін күнәкар кісілерді!»


Бұл — дәл айтылған шынайы сөз, оны түгелдей қабылдау қажет. Күнәкарлардың ішіндегі нағыз күнәкар мен едім.
16
Ал Иса Мәсіх алдымен мен
д
арқылы Өзінің төзімділігін толығымен көрсету үшін маған қайырымдылық танытты. Сөйтіп мені болашақта Иса Мәсіхке сеніп, мәңгілік өмірге ие болатын адамдардың бәріне үлгі етті.
17
Мәңгілік Патша — өлмес, көзге көрінбес бірден-бір Құдай мәңгі
е
құрметтеліп, ұлылығы мадақтала берсін! Аумин.
18
Тімоте, балам менің, саған мына өсиетті аманаттаймын, ол бұдан бұрын өзің туралы Құдай Рухы білдірген хабарларға
д
сәйкес: ізгі күресте сол хабарларға сай әрекет жасап,
19
сенімің мен ар-ұжданыңды таза ұста! Кейбіреулер ар-ұждандарынан безіп, сенімдерін құртты.
20
Олардың араларында Үменей мен Ескендір бар. Құдайға тіл тигізбеуге үйренсін деп, екеуін (қауымнан шығарып) шайтанның қолына тапсырдым.
е

а  Яки: Мәсіхке сенуіне өзім көмектесіп, туған ұлымдай болып кеткен.

ә  Яки: Құдайдың адамдарды құтқару ісіне (2:4,6; Еф 2:8).

б  Рим 7:7-12.

в  Немесе: Оның әділдерге емес.

г  Немесе: ата-анасын қорлайтындар мен кісі өлтірушілер.

ғ  Немесе: Ізгі хабарына сәйкес келеді.

д  Яғни нағыз күнәкар болған мен.

е  Яки: күллі дәуірлерде.

ж  Яки: Киелі Рух сен туралы білдірген пайғамбарлық сөздерге (аяндарға) (4:14; Елш 16:1-3).

з  Тім2 2:17-18; 4:14; Қор1 5:2,5,11,13.