Салониқал. 1-хат  3
1
Сондықтан біз одан әрі шыдай алмай, Афиныда жалғыз өзім қалайын деп шештік те,
2
Тімоте бауырымызды сендерге жібердік. Ол — Мәсіхтің Ізгі хабарын тарату жөніндегі Құдайдың қызметшісі. Осы азаптар ешқайсыңды шайқалтпасын деп, Тімоте сендерді жігерлендіріп, сенімдеріңді нығайтпақ.
3
Азап шегу маңдайымызға жазылғандығы өздеріңе мәлім.
4
Қастарыңда жүрген кезімізде «Қуғынға ұшырайтын боламыз» деп алдын ала айттық қой. Міне, сол айтқанымыз келді, оны өздерің білесіңдер.
5
Осыған бола мен одан әрі шыдай алмай Тімотені жіберіп, сенімдерің берік пе, әлде әзәзіл азғырып, бар еңбегіміз зая кетті ме, соны білгім келді.
Тімоте алып келген қуанышты хабар
6
Қазір Тімоте сендерден келіп, сенімдерің мен сүйіспеншіліктерің туралы жақсы хабар әкелді. Сендердің бізді ұдайы жақсылықпен еске алып, көрсек деп сағынып жүргендеріңді айтты; біз де сендерді көрсек дейміз.
7
Қымбатты бауырластар, сенімдеріңді берік ұстап жүр екенсіңдер. Бұл қиналып, қысылып отырған бізге жаңадан жігер берді.
8
Енді рухымыз көтеріліп қалмақ, себебі сендердің Құдаймен байланыстарың тұрақты екен.
9
Бізді өздеріңе қуантып қойған Құдайға қанша алғыс айтсақ та аздық қылады.
10
Күні-түні Одан қайтадан сендермен көрістіріп, сенімдеріңнің жетіспейтін жақтарын толықтыруға мүмкіндік бере гөр деп құлшына өтінеміз.
11
Осылай Құдай Әкеміздің Өзі және Иеміз Иса жолымызды сендерге бұра көрсін.
12
Бір-біріңе және барлық адамдарға деген сүйіспеншіліктеріңді Иеміз біздің өздеріңе деген сүйіспеншілігіміз сияқты өсіріп, арттыра берсін.
13
Осылай Ол көңілдеріңді орнықтыра көрсін. Содан сендер Иеміз Иса Мәсіх күллі қасиеттілерімен көктен түскенде,
а
Құдай Әкеміздің алдында Оған толықтай бағышталған, мінсіз боласыңдар.

а  Яки: күллі қасиетті періштелерімен көктен түскенде (4:16; Сал2 1:7; Мат 25:31; Яһд 1:14; Аян 19:11-14).