Патшалықтар 3-ж.  6
Ғибадатхана құрылысын бастау
1
Сүлеймен исраилдіктер Мысыр елінен көшіп шыққаннан кейін төрт жүз сексен жыл өткенде, өзінің Исраилге патшалық құрған төртінші жылының
а
сәуір айында
ә
Жаратқан Иенің киелі үйінің құрылысына кірісті.
2
Сүлеймен патша Жаратқан Иеге арнап салған киелі үйдің ұзындығы алпыс, ені жиырма, биіктігі отыз шынтақ болды.
б
3
Киелі үйдің негізгі ғимаратының алдыңғы жағындағы бағаналы кіреберістің ені ғимараттың еніндей жиырма шынтақ болды. Бағаналы кіреберіс ғибадатханадан алға қарай он шынтақтай шығып тұрды.
4
Сүлеймен ғимараттың қабырғаларында сыртқа қараған жағы тарлау, ішке қараған жағы кеңдеу етіп ойылып жасалған
в
терезелерді орнатты.
5
Сондай-ақ, ол киелі үйдің екі жағы мен арт жағын жанамалап, (үш қабатты етіп) қосалқы бөлмелер салды.
6
Төменгі қабаттың ені бес, ортаңғы қабаттың ені алты, жоғарғы қабаттың ені жеті шынтақ болды. Осы бөлмелер ғимаратқа арқалық бөренесіз сүйеніп тұра алулары үшін ғимараттың қабырғалары әр қабат сайын кертпештеніп салынды.
г
7
Ғимарат тас қазып, қашайтын орында өңделіп дайындалған тастардан салынды. Сол себепті салынып жатқан киелі үйден балға, балта сияқты темір құралдардың дыбысы естілмеді.
8
Қосалқы бөлмелердің төменгі қабатына кіретін жер ғимараттың оңтүстік жағында болды. Сол жерде бірінші қабаттан баспалдақпен ортаңғы, одан жоғарғы қабаттарға да көтерілуге болатын.
9
Сонымен Сүлеймен үйдің құрылысын аяқтап, оның төбесін самырсын бөренелерімен және тақтайларымен қаптады.
10
Сол сияқты, ол бүкіл киелі үйді айналдыра үш қабатты қосалқы бөлмелер салдырды. Олар ғибадатхананың қабырғаларына самырсын бөренелерімен бекітілді.
11
Содан соң Жаратқан Ие Сүлейменге былай деп сөзін арнады:
12
«Өзің құрылысын салып жатқан осы үй туралы Менің айтарым мынау: Егер Менің барлық ережелерімді орындап, шешімдерім мен өсиеттерімді ұстанып жүретін болсаң, онда әкең Дәуітке берген уәдемді өзің арқылы жүзеге асырамын.
13
Мен исраилдіктердің арасында тұратын боламын, әрі халқым Исраилді ешқашан тастап кетпеймін!»
Ғибадатхананың ішкі жағы
14
Осылайша Сүлеймен киелі үйді салып бітірді.
15
Патша ғибадатхананың ішкі қабырғаларын еденнен төбесіне дейін самырсын тақтайларымен қаптап, еденді қарағай тақтайларынан жасады.
16
Киелі орын деп аталатын ең қасиетті бөлме ғимараттың төр жағынан салынды. Бұл бөлме еденнен төбеге дейін жетіп жатқан самырсын тақтайларымен бөлініп тасталды.
17
Осы қасиетті бөлменің алдында орналасқан қасиетті бөлменің ұзындығы қырық шынтақ болды.
18
Самырсын тақтайларға асқабақтар мен ашылған гүлдер тәрізді өрнектер ойылып салынды. Киелі үйдің ішкі қабырғалары ешбір тасы көрінбейтіндей болып түгелдей самырсын тақтайлармен қапталды.
19
Патша, сондай-ақ, киелі үйдің ішіндегі ең қасиетті бөлмені Жаратқан Иенің Келісім сандығын орналастыруға дайындады.
20
Осы ішкі бөлменің ұзындығы, ені, биіктігі жиырма шынтақтан болды. Сүлеймен оны саф алтынмен қаптады. Ол самырсыннан жасалған түтету үстелін де алтынмен қаптады.
21
Сүлеймен киелі үйдің ішін түгелдей саф алтынмен қаптады. Ол алтынмен қапталған ең қасиетті бөлменің алдыңғы жағына кесе көлденеңінен алтын шынжыр іліп қойды.
22
Сонымен киелі үйдің ішкі жағы түгелдей алтынмен қапталды. Патша, сондай-ақ, ең қасиетті бөлменің алдындағы түтету үстелін де толықтай алтынмен қаптады.
23
Ең қасиетті бөлмеде биіктігі он шынтақ болатын, керуб делінген күзетші періштелердің
ғ
екі мүсінін зәйтүн ағашынан ойып жасады.
24
Әр керуб мүсінінің екі қанаты, ал әр қанатының ұзындығы бес шынтақ, қос қанатының арасындағы қашықтық он шынтақ болды.
25
Екі керубтің де өлшемдері мен сырт қалыптары бірдей еді.
26
Әр керубтің биіктігі он шынтақтан болатын.
27
Сүлеймен олардың екеуін де ең қасиетті бөлмеге орналастырды. Жайылған қанаттарының бір шеті бөлменің ортасында өзара түйісіп, екінші шеттері бөлменің екі жақ қабырғаларына тиіп тұрды.
28
Сүлеймен керуб мүсіндерін алтынмен қаптатты.
29
Киелі үйдің ішкі және сыртқы бөлмелерінің барлық қабырғаларына айналдыра керубтердің, құрма ағаштарының әрі ашылған гүлдердің бейнелері ойылып салынды.
30
Киелі үйдің ішкі және сыртқы екі бөлмесіндегі едендер де алтынмен қапталды.
31
Ең қасиетті бөлменің ішкі кіреберісіне зәйтүн ағашынан жарма есіктер жасалып, маңдайшасы мен жақтаулары бес қырлы етіп орнатылды.
32
Зәйтүн ағашынан жасалған осы екі есікке керубтердің, құрма ағаштарының және ашылған гүлдердің бейнелері ойылып салынды. Есіктердегі бейнелер алтынмен қапталды.
33
Сол сияқты патша үлкен бөлменің кіреберісіне де осылай етіп зәйтүн ағашынан төрт қырлы жақтау жасады.
34
Ол қарағайдан екі жарма есік жасап, жақтаудың екі жағынан айналмалы топсаға іліп қойды.
35
Есіктерге періштелер, құрма ағаштары және ашылған гүлдер ойылып салынды да, олардың үстін балғамен соғып алтынмен тегістеп қаптады.
36
Содан соң патша үш қабат өңделген тастардан әрі бір қабат самырсын бөренелерінен ішкі ауланың дуалын қаластырып салды.
37
Сүлейменнің патшалық құрған төртінші жылының сәуір айында
д
Жаратқан Иенің киелі үйінің негізі қаланды.
38
Ал он бірінші жылдың қазан айында
е
киелі үйдің барлық бөліктері өз ерекшеліктеріне сай салынып бітті. Сонымен Сүлеймен киелі үйдің құрылысын жеті жылда аяқтады.

а  Б.з.д. 966 ж.

ә  Немесе: жылының екінші айында, демек, зиф айында. (Сол заманғы күнтізбе бойынша зиф айы жылдың екінші айы, қазіргі сәуір айы, болатын.)

б  Яки: ұзындығы 31,5 м, ені 10,5 м, биіктігі 15,75 м шамасында болды. (Осында қолданылған шынтақтың көне өлшемі шамамен 52,5 см болатын: Шеж2 3:3; Езк 40:5).

в  Немесе: торларымен безендірілген жақтаулары бар.

г  Яки: Қосалқы бөлмелердің төбелерін көтеріп тұратын бөренелер қабырғаға салынған арнайы кертпештерге (шығыңқы жерлерге) сүйеніп тұрды.

ғ  Немесе: керубтердің (Мыс 25:18).

д  6:1.

е  Немесе: жылдың бул айында, демек, сегізінші айда. (Сол заманғы күнтізбе бойынша бул айы сегізінші ай, қазіргі қазан айы, болатын: 6:1.)