Патшалықтар 3-ж.  11
Сүлейменнің Жаратқан Иенің жолынан таюы
1
Алайда Сүлеймен көптеген шетелдік әйелдерге ғашық болды: перғауынның қызынан басқа оның моабтық, аммондық, едомдық, сидондық, хеттік әйелдері де болды.
2
Жаратқан Ие (жалған тәңірлерге табынатын) осы халықтар туралы: «Олармен араласып, қыз алысып, қыз берісуші болмаңдар! Әйтпесе олар сендердің жүректеріңді өздерінің тәңірлеріне бұрып әкетулері сөзсіз!» деп исраилдіктерге ескерткен еді. Бірақ та Сүлеймен сол жат жұрттық әйелдерге ғашық болып жабыса қалуын қоймады.
3
Жалпы, Сүлейменнің патша тұқымынан шыққан жеті жүз жұбайы және тағы үш жүз кәнизагы
а
болды. Олар оны тура жолдан тайдырып әкетіп адастырды.
4
Себебі қартайған шағында әйелдері Сүлейменнің жүрегін бөтен тәңірлерге бұрып әкетті. Осылайша оның жүрегі әкесі Дәуіттің Құдай Иесіне толықтай бағышталған жүрегі
ә
сияқты болмады.
5
Қайта, Сүлеймен сидондықтардың табынатын әйел тәңірі Астартаға және аммондықтардың жиренішті тәңірі Молохқа құлшылық ете бастады.
6
Мұнысымен Сүлеймен Жаратқан Иеге жек көрінішті іс істеп, Жаратқан Иенің жолымен адал жүрген әкесі Дәуіт сияқты болмады.
7
Сол кезде Сүлеймен Иерусалимнің шығыс жағындағы бір төбеде моабтықтардың жексұрын тәңірі Хамосқа және аммондықтардың жиренішті тәңірі Молохқа арнап биіктеу жердегі табыну орындарын салды.
8
Патша осындай орындарды өзінің жат жерлік әйелдерінің барлығына жасап берді. Олар сол құрбандық орындарында өздерінің табынатын жалған тәңірлеріне хош иісті заттар түтетіп, құрбандықтар шалып ұсынатын.
9
Сонда Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие Сүлейменге қаһарланды. Өйткені ол өзіне екі рет аян берген Жаратқан Иеден теріс бұрылып кетті.
10
Жаратқан Ие оған бөтен тәңірлердің жолына түсуге айрықша тыйым салса да, Сүлеймен Оның бұйрығын еш елемей ұстанбады.
11
Содан Жаратқан Ие Сүлейменге былай деп хабарлады: «Сен осылай істеп Менің Келісімімді, өзіңе орындауға тапсырған ережелерімді ұстанбадың. Сол себептен Мен міндетті түрде патшалық билікті сенен жұлып алып, қызметшілеріңнің біреуіне тапсырамын.
12
Дегенмен әкең Дәуітке бола бұны сенің көзіңнің тірісінде істемеймін. Мен патшалықты ұлыңның қолынан жұлып алатын боламын.
13
Алайда қызметшім Дәуіт үшін және Өзім таңдап алған Иерусалим үшін ұлыңнан бүкіл патшалықты тартып алмай, оның билігіне бір руды қалдырамын».
Сүлейменнің дұшпандары Хадад және Резон
14
Сонда Жаратқан Ие Сүлейменге бір дұшпанды шығарды. Ол Едом елінің патшалық тұқымынан шыққан Хадад еді.
15
Ертеректе Дәуіт Едом халқымен соғысқан кезде әскер қолбасшысы Жоғаб қаза тапқандарды қабірге қою үшін сонда барғанда, едомдық ер адамдарды жаппай қырып-жойған болатын.
16
Жоғаб исраилдік жасақпен елдің барлық еркек кіндіктілерінің көзін құртқанша Едомда алты ай бойы тұрды.
17
Тек Хадад пен оның әкесінің кейбір едомдық қызметкерлері ғана Мысырға қарай қашып кетті. Хадад сол кезде жас бала болатын.
18
Олар Мадиян арқылы Синай түбегіндегі Паран даласына жетті. Сол жерден өздеріне біраз адам қосып алып, Мысырға барып, оның патшасы перғауынның алдына келді. Перғауын Хададқа тұратын үй мен жер беріп, тамақпен де қамтамасыз етті.
19
Перғауынның Хададқа риза болғаны сонша, оған өз жұбайы Тахпенесаның сіңлісін әйелдікке алып берді.
20
Тахпенесаның сіңлісі Хададқа Генубат деген ұл туды. Патшайым Тахпенеса осы баланы патша сарайында тәрбиеледі. Осылайша Хададтың ұлы перғауынның сарайында оның өз ұлдарымен бірге өсті.
21
Мысырда жүрген сол уақытында Хадад Дәуіттің көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгені және әскер қолбасшысы Жоғабтың да дүние салғаны туралы естіді. Сонда ол перғауыннан:
— Маған рұқсат берсеңіз екен, өз еліме қайтып барайын, — деп өтінді.
22
Перғауын оған:
— Менің қасымнан өз еліме қайтып барайын дейтіндей, саған бұл жерде не жетіспейді? — деген сауал қойды. Хадад оған:
— Бәрі де жеткілікті, әйтсе де еліме жіберсеңіз екен! — деп қоймады.


23
Құдай Сүлейменге тағы басқа бір дұшпанын шығарды. Ол қожайыны — Соба
б
патшасы Адад-Әзерден қашып кеткен Әлияда ұлы Резон болатын.
24
Дәуіт Собаның әскеріне күйрете соққы бергеннен кейін,
в
Резон қасына адамдар жинап, сарбаздар тобының басшысы болды. Олар Дамаскіге аттанып, сонда орнығып, Резонды Дамаскіде патша етіп қойды.
25
Кейін Резон бүкіл Арама еліне патшалық құрып, Исраилдің қарсыласы болды.
Хадад пен Резон екеуі Сүлейменнің тұсында Исраилдің жауы болып, оған көп қиыншылықтар туғызды.
Пайғамбардың Еробоғамға Құдайдың хабарын жеткізуі
26
Сол шамада Сүлейменнің қызметкерлерінің бірі — Набат ұлы Еробоғам да патшаға қарсы бас көтерді. Ол Ефрем руының жеріндегі Сәредахтан шыққан еді. Оның анасы Серуа жесір әйел болатын.
27
Еробоғамның патшаға қарсы бас көтергенінің жайы мынау: сол кезде Сүлеймен патша әкесі Дәуіттің шаһарының айналасындағы саты тәрізді беткейді салдырып,
г
шаһардың қамалындағы бір бұзылған жерін жөндеумен айналысып жүрген еді.
28
Еробоғам қайратты да қабілетті жігіт болатын. Оның жақсы жұмыс істеп жүргенін көрген Сүлеймен Еробоғамды Жүсіптен тараған екі рудың жұмысшыларының үстінен басқарушы етіп тағайындады.
29
Сол күндердің бірінде Еробоғам Иерусалим қаласынан шығып келе жатқанда, алдынан шилолық Ахиях пайғамбар кездесті. Пайғамбар үстіне жаңа шапан киіп алған екен. Далада екеуінен басқа ешкім болмады.
30
Сонда Ахиях өзінің үстіндегі су жаңа шапанын шешіп алып, қолдарымен ұстап тұрып, он екі бөлікке паршалап жыртты да,
31
Еробоғамға былай деді: «Осы он паршаны өзіңе ал! Себебі Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп ал! Мен патшалықты Сүлейменнің қолынан жұлып алып, он рудың үстінен билікті саған беріп отырмын.
32
Тек қызметшім Дәуіт үшін және Исраилдің барлық руларының ішінен таңдап алған қалам — Иерусалим үшін оның билігіне бір руды қалдырамын.
33
Исраилдіктер
ғ
Менен бас тартып, сидондықтардың табынатын әйел тәңірі Астартаға, моабтықтардың тәңірі Хамосқа және аммондықтардың тәңірі Молохқа
д
бас ұра табынып кеткендіктен, Мен осыны істеймін. Олар Менің жолыммен жүріп, Маған ұнамды істер істеген, әрі Менің ережелерім мен шешімдерімді сақтаған Сүлейменнің әкесі Дәуіт сияқты болмады.
34
Сонда да Мен патшалықты Сүлейменнің өз қолынан тартып алмаймын. Кезінде менің өсиеттерім мен ережелерімді ұстанып, таңдаулы қызметшім болған Дәуітке бола Сүлейменді өмірінің соңына дейін билеуші болуға бекіттім.
35
Бірақ оның ұлының қолынан патшалықты жұлып алып, он рудың билігін саған тапсырамын.
36
Ал қызметшім Дәуіттің әулетінің ұдайы Менің көз алдымда Иерусалимде патшалық құрып шам-шырақ іспетті сәуле шашулары үшін,
е
Сүлейменнің ұлының билігіне бір руды тапсырамын. Өйткені Иерусалим — есімімді орнату үшін Өзім таңдап алған қалам.
37
Алайда Мен сені Исраилдің патшасы болуға тағайындап, сен жүрегің қалаған нәрселердің бәріне билік жүргізетін боласың.
38
Егер Менің өзіңе өсиет еткенімнің барлығына мойынсұнсаң, әрі қызметшім Дәуіттің орындағанындай, сен де Менің жолыммен жүріп, Маған ұнамды істерді істеп, Менің ережелерім мен өсиеттерімді ұстанатын болсаң, онда Мен де саған әрқашан жар болып, сенің патшалық әулетіңді Дәуіттің патшалық әулетіндей үздіксіз етіп бекітемін және (Солтүстік) Исраил елінің патшалық билігін сенің қолыңа тапсырамын.
39
Осыны істеуім арқылы Мен Дәуіттің әулетін (Сүлейменнің күнәсінің кесірінен) төмендетіп жазалаймын.
ж
Алайда мұны мәңгілікке істемеймін».
40
(Болған оқиғаны біліп қойған) Сүлеймен Еробоғамды өлтірмек болды. Бірақ ол Мысырға қашып барып, сол елдің патшасы Шұшақтан
з
пана сұрады. Еробоғам Мысырда Сүлеймен қайтыс болғанға дейін тұра берді.
Сүлейменнің дүние салып, Рохабоғамның патша болуы
41
Сүлеймен патшалық құрған кезде болған басқа да жайттардың барлығы, оның іс-әрекеттері мен даналығы «Сүлейменнің істері» деген кітапта
и
баяндалған.
42
Сүлеймен Иерусалимде бүкіл Исраилдің үстінен қырық жыл бойы патшалық құрған соң
43
көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелді. Оның мәйіті әкесі Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Сүлейменнің ұлы Рохабоғам орнын басып патша болды.

а  Заң 17:17; Пат2 5:13.

ә  8:61; 9:4; 15:3,14.

б  (Пат2 8:3; 10:16) Арама (бүгінгі Сирия) еліндегі ежелгі қала және ел.

в  Пат2 10:8,18.

г  (9:15,24) Немесе: Сүлеймен Миллоны салдырып.

ғ  Немесе: Ол.

д  9:6-7; 11:5-9; Ерм 2:13.

е  Немесе: Дәуіттің (өмір) «шырағы» (оның болашақта патшалық құратын ұрпақтары арқылы) Менің көз алдымда өшпей жана беруі үшін (15:4; Шеж2 21:7; Жыр 131:17).

ж  12:16,19-20,24; 14:25-26; Жыр 88:39-46.

з  Шешонк І перғауынның Шишақ және Сусаким деп те жазылады. Мысырдың 22-ші патша әулетінің негізін салған ол кейін Иерусалимге қарсы аттанды (14:25).

и  (Шеж2 9:29-31) Яки: шиыршық жазбада. (Ол қолымызға жеткен жоқ.)