Патшалықтар 3-ж.  1
Адонияхтың патшалық билікті тартып алуға ұмтылуы
1
Дәуіт патша қартайып, жасы ұлғайған кезінде үстіне көрпе жамылса да бойы жылымайтын болды.
2
Сонда нөкерлері оған: «Уа, патша ие, сіздің қасыңыздан шықпай, күтім жасайтын бір пәк қызды тауып алып келейік! Ол қойныңызда жатып, денеңізді жылытсын», — деген ұсыныс жасады.
3
Содан олар бүкіл Исраил елі бойынша сұлу қыз іздеп, Шунем қалашығынан Абисаға есімді қызды тауып, оны патшаға алып келді.
4
Қыз өте сұлу екен, ол әрқашан патшаның жанында болып, оған күтім жасап қызмет етіп жүрді. Ал патша онымен жақындасқан жоқ.


5
Сол кездері Дәуіттің Аггит деген әйелінен туған ұлы Адониях
а
«Енді патша болатын менмін!» — деп кеудесін көтеріп жүрді. Ол өзіне соғыс күймелері мен аттарды
ә
және өзінің алдында жүгіріп отыратын елу адамды жинап алды.
6
Адониях Дәуіттің Абессаломнан
б
кейін дүниеге келген өте келбетті ұлы болатын. Ал әкесі оны: «Не үшін осылай істейсің?» — деп еш уақытта жазғырған емес.
7
Адониях қолбасшы Сарұя ұлы Жоғабпен және діни қызметкер Абиятармен ақылдасып сөз байласқан еді. Енді олар Адонияхты жақтап, оған қолдау көрсетті.
8
Алайда діни қызметкер Садық, Еходай ұлы Бенаях, Натан пайғамбар, Шимей, Реги және Дәуіттің батырлары
в
Адонияхты қолдамады.
9
Бір күні Адониях Ен-Рогел атты бұлақ көзінің жанындағы Жылан
г
жартасының маңына барып, сол жерде қой-ешкі, мүйізді ірі қара және бордақыланған өгізшелерді көптеп құрбандыққа шалғызды. Соған өзінің барлық ағайындылары — патшаның ұлдарын және патшаның қызметінде жүрген Яһуданың бүкіл адамдарын шақырды.
10
Тек Натан пайғамбарды, Бенаяхты, патшаның батырларын және інісі Сүлейменді
ғ
шақырмады.
Адонияхтың әрекеті жайлы хабардың Дәуітке жетуі
11
Сонда Натан пайғамбар Сүлейменнің шешесі Барсабияға барып, былай деді:
— Аггиттің ұлы Адонияхтың патша болып алғанын естіген жоқсыз ба? Ал тақсыр иеміз Дәуіт бұл туралы хабарсыз.
12
Енді өз өміріңізді және ұлыңыздың өмірін сақтап қалуыңыз үшін мына ақыл-кеңесіме құлақ сала көріңіз.
13
Дереу Дәуіт патшаның алдына барып, оған былай деңіз: «Уа, патша ием, өзіңіз алдыңыздағы пендеңізге былай деп ант берген емес пе едіңіз: сенің ұлың Сүлеймен өзімнен кейін патшалық құрады! Менің тағымда отыратын сол болады! Ендеше Адониях неге патша болып алды?»
14
Сіз осыны айтып тұрған кезіңізде мен кіріп келемін де, айтқан сөздеріңізді толықтырып растаймын.
15
Сонда Барсабия патша жатқан бөлмеге кірді. Патша қатты қартайған екен, шунемдік Абисаға оған қызмет етіп жүрді.
16
Барсабия патшаның алдында жерге дейін иіліп тағзым етті. Патша одан:
— Бұйымтайың не? — деп сұрады.
17
Сонда әйел оған былай деп жауап берді:
— Уа, тақсыр ием, сіз маған: «Сенің ұлың Сүлеймен өзімнен кейін патшалық құрады! Менің тағымда отыратын сол болады!» деп Құдайыңыз Жаратқан Иенің атымен ант берген едіңіз.
18
Алайда енді Адониях патша болып алды, ал сіз, патша ием, бұл туралы білмейсіз де.
19
Ол мүйізді ірі қара, бордақыланған өгізшілер мен қой-ешкіні көптеп құрбандыққа шалғызды. Соған сіздің барлық ұлдарыңызды, діни қызметкер Абиятарды, әскер қолбасшысы Жоғабты шақырды. Бірақ ол қызметшіңіз Сүлейменді шақырмады.
20
Уа, патша ием, сізге бүкіл Исраил халқы көз тігіп, өзіңізден кейін патша тағына кімнің отыратынын жариялауыңызды күтіп отыр.
21
Әйтпесе сіз көз жұмып, ата-бабаларыңызға жөнелгенде, өзім де, ұлым Сүлеймен де қылмыскер деп саналамыз, о тақсыр ием.
22
Барсабия осыны патшаға айтып тұрған кезде Натан пайғамбар келе қалды.
23
Нөкерлері патшаға: «Натан пайғамбар келіп тұр», — деп хабарлады. (Сонда Барсабия бөлмеден шығып кетті.)
д
Пайғамбар патшаның алдына келді де, басын жерге дейін иіп тағзым етті.
24
Содан соң ол былай деді:
— Уа, патша ием, сіз «Адонияхты өзімнен кейін патшалық құрады! Менің тағымда отыратын сол болады!» деп бұйырған ба едіңіз?
25
Өйткені Адониях бүгін қала сыртында мүйізді ірі қара, бордақыланған өгізшілер мен қой-ешкіні көптеп құрбандыққа шалғызды. Ол күллі патшазадалар мен қолбасшыларды және діни қызметкер Абиятарды шақырды. Олардың барлығы оның қасында ішіп-жеп, «Адониях патша жасасын!» деп құттықтауда.
26
Ал сіздің құлыңыз мені әрі діни қызметкер Садықты, Еходай ұлы Бенаяхты және қызметшіңіз Сүлейменді шақырмады.
27
Уа, патша ием, бұл сіздің еркіңізбен болып отыр ма? Өзіңізден кейін кімнің таққа отыратындығы жайында қызметшілеріңізге неге ештеңе білдірген жоқсыз?
Сүлейменнің патшалыққа тағайындалуы
28
Сонда Дәуіт патша: «Барсабияны осында шақырыңдар!» — деп бұйырды. Ол бөлмеге қайта кіріп, Дәуіттің алдында тұрды.
29
Патша ант етіп былай деді:
— Барлық қиыншылық атаулыдан жанымды сақтап қалған мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын:
30
Мен Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің атымен саған бұрын берген антымды бүгін-ақ жүзеге асырамын. Ұлың Сүлеймен өзімнен кейін патшалық құрады! Менің орнымды басып тағыма отыратын сол болады!
31
Осыны естігенде Барсабия патшаның алдында басын жерге дейін иіп тағзым етті де:
— Тақсыр ием Дәуіт патшаның өмірі ұзақ болсын! — деп алғысын білдірді.
32
Содан соң Дәуіт патша: «Діни қызметкер Садықты, Натан пайғамбарды, Еходай ұлы Бенаяхты қасыма шақырыңдар!» — деп әмір етті. Олар патшаның алдына келген соң,
33
ол былай деп бұйырды:
— Патша нөкерлерін ертіп алыңдар! Ұлым Сүлейменді өзімнің қашырыма мінгізіп, Гихон бұлақ көзіне ылдилап алып барыңдар.
34
Сол жерде діни қызметкер Садық пен Натан пайғамбар екеуің оны май жағу рәсімінен өткізіп Исраилдің патшасы етіп тағайындаңдар! Мұнан кейін кернейлеріңді тартып, «Сүлеймен патша жасасын!» деп дауыстап жар салыңдар!
35
Содан оған еріп өрлеп қайтып келіңдер. Ол сарайыма кіріп, менің тағыма отырып, өзімнің орныма патшалық құратын болсын. Мен оған Исраил мен Яһуданың үстінен басшы болуды өсиеттедім. —
36
Сонда Еходай ұлы Бенаях патшаға:
— Аумин. Патша иемнің Құдайы Жаратқан Иенің дегені болсын!
37
Жаратқан Ие патша иеме жар болғандай, Ол Сүлейменге де жар бола берсін! Оның тағын патша ием Дәуіттің тағынан да жоғары қыла көрсін! — деп жауап берді.
38
Содан соң діни қызметкер Садық, Натан пайғамбар, Еходай ұлы Бенаях және кереттік, пелеттік ұлан бөлімдері Сүлейменді патшаның қашырына мінгізіп, Гихон бұлақ көзіне ылдилап ертіп алып барды.
39
Діни қызметкер Садық киелі шатырдан зәйтүн майына толған мүйіз құтыны алып келіп, Сүлейменге май жағу рәсімін жасап, оны патша етіп тағайындады. Кернейшілер керней тартып, сол жердегі күллі халық: «Сүлеймен патша жасасын!» — деп жар салды.
40
Содан соң бүкіл халық оның соңынан еріп қалаға қайтып өрлеп бара жатты. Олар сыбызғы тартып, зор қуанышпен шаттанып, дауыстарынан жер сілкінгендей болды.
41
Адониях пен оның жанындағы шақырылғандар қонақасыларын енді ғана бітірген кезде мұны олар да естіді. Жоғаб кернейлердің даусын естіп: «Қаладан шыққан бұл не айқай-шу?» — деп сұрады.
42
Жоғаб осыны айта бергенде, діни қызметкер Абиятардың ұлы Жонатан келе қалды. Адониях оған:
— Кел, сен өзің батыл адамсың, алып келген хабарың да жақсы болар! — деді.
43
Ал Жонатан оған былай деп жауап берді:
— Керісінше, тіпті де жақсы емес! Патша иеміз Дәуіт Сүлейменді патша етіп қойды!
44
Патша онымен бірге діни қызметкер Садықты, Натан пайғамбарды, Еходай ұлы Бенаяхты, кереттік және пелеттік ұландарды жіберіп, олар Сүлейменді патшаның қашырына мінгізіп,
45
Гихон бұлақ көзіне алып барды. Сол жерде діни қызметкер Садық пен Натан пайғамбар оған май жағу рәсімін жасап патша етіп тағайындапты. Содан олар зор қуанышпен мақтау айтып кері қайтты. Енді қала дүрлігіп соны тойлап жатыр. Өздеріңіз естіген айқай-шу солардікі.
46
Сүлейменнің өзі қазір патшалық тақта отыр екен.
47
Сонымен қатар патшаның нөкерлері патша иеміз Дәуітке кіріп, оны құттықтап былай депті: «Құдайыңыз Сүлейменді сіздің өзіңізден де атақты етіп, оның тағын сіздің тағыңыздан да жоғары қылсын!» Патша өзінің төсегінде иіліп тағзым етіп,
48
«Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мадақталсын! Ол бүгін менің патшалық тағыма отыратынды тағайындап, маған соны өз көзіммен көруді бұйыртты» депті.
49
Мұны естіген Адонияхтың шақырған қонақтары дірілдеп қорқып, өз жөндеріне бытырап кетті.
50
Адонияхтың өзі де Сүлейменнен қорқып, бас сауғалау үшін киелі шатырға асығып барып, сондағы құрбандық үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарынан жабыса
е
ұстап алды.
51
Сонда Сүлейменге мына хабар жетті:
— Адониях сізден қорқып, құрбандық үстелінің шошақтарынан жабыса ұстап алды. Ол Сүлеймен патша маған бүгін ант етіп: «Мына құлымды семсеріммен өлтірмеймін!» деген уәде берсін деп өтінеді. —
52
Сонда Сүлеймен:
— Мейлі, егер ол бұдан былай өзінің адал адам екенін танытса, онда басынан бір тал шашы да түспейді. Ал егер оның бойынан бір қулық-сұмдық табылса, ол өлім құшады! — деп ұйғарды.
53
Содан Сүлеймен патша адамдарын жіберіп, Адонияхты құрбандық үстелінің қасынан алдыртты. Адониях Сүлеймен патшаның алдына келіп, басын иіп тағзым етті. Сүлеймен оны: «Үйіңе бара бер!» — деп жөніне жіберді.

а  Адониях Дәуіттің төртінші ұлы, оның шешесі Аггит болатын (Пат2 3:4).

ә  Немесе: салт аттыларды.

б  Пат2 3:3; 13:22,28-29; 14:25; 15:10-16.

в  Немесе: Шимей мен оның серіктері — Дәуіттің батырлары (Пат2 23:8-39). (Осындағы Шимей 2:8-де аты аталған буняминдік Шимейден басқа, Ела ұлы Шимей болуы ықтимал: 4:8.)

г  Яки: Зохелет.

ғ  Пат2 12:24.

д  1:28.

е  Күнәнің құнын өтейтін құрбандықтардың қанынан сол шошақтарға жағылатын. Адониях оларды ұстап алып, Құдайдан өзін рақымымен қорғауын өтінсе керек (Леу 4:7; Мыс 21:13-14).