Қорынттықт. 1-хат  6
Сенушілердің сот алдындағы даулары
1
Араларыңдағы кейбіреу бауырласымен бір даулы мәселе туралы келіспей қалғанда қалайша Құдай алдында ақталмағандардың сотына жүгінуге дәті барады? Неге мәселені Құдай халқының алдына қоймасқа?
а
2
Болашақта
ә
Құдай халқының адамзатқа билік айтатынын білмейсіңдер ме? Адамзатқа билік ететін өздерің болған соң, ұсақ-түйек даулы мәселелерді шешуге жарамайсыңдар ма?
3
Біздердің періштелердің үстінен де билік айтатынымызды білмейсіңдер ме? Сонда күнделікті өмір мәселелерін әлбетте шеше алуға тиіссіңдер!
4
Бұлар жайлы дау-жанжал бола қалса, қауым үшін елеусіздердің төрелігіне қалай жүгінесіңдер?
б
5
Сендерді ұялту үшін осылай деймін. Араларыңда бауырластарына төрелік айтатын бірде-бір парасатты адамның болмағаны ма?
6
Қайта, бір бауырлас екіншісімен дауласып, тіпті сенбейтіндердің сотына жүгінеді екен.
7
Бір-біріңмен таласқандарыңның өзі масқара! Одан да әділетсіздікке неге төзбеске, неге ақыларыңды жегізбеске?
в
8
Керісінше, сендер әділетсіздік жасап, өз бауырластарыңды тонайсыңдар!
9
Әділетсіздердің Құдайдың Патшалығынан орын алмайтынын білмейсіңдер ме? Алданбаңдар: азғындар, жалған тәңірлерге құлшылық етушілер, неке адалдығын бұзушылар, нәпсіқұмарлар, еркекжанды еркектер,
10
ұрылар, дүниеқоңыздар, маскүнемдер, өсекшілер және тонаушылар үшін Құдайдың Патшалығында орын жоқ!
г
11
Бұрын кейбіреулерің сондай болдыңдар. Алайда сендер күнәдан тазардыңдар; енді Иеміз Иса Мәсіхтің атына сиынып Құдайымыздың Рухы арқылы Оның қасиетті халқы
ғ
болып, ақталдыңдар.
Таза өмір сүріп, Құдайдың даңқын асыру
12
Кейбіреулерің: «Не істесем де еріктімін», — дейсіңдер. Алайда бәрі бірдей тиімді емес. «Не істесем де еріктімін». Дегенмен өзімді құл ететін еш нәрсенің билігінде болмауым керек.
13
«Тамақ асқазан үшін, ал асқазан тамақ үшін жаратылған».
д
Әлбетте! Құдай бір кезде екеуін де жоятын болады. Алайда адамның денесі нәпсі үшін емес, Иеміз үшін қызмет етуге тиіс, ал денеміздің қамын Иеміз ойлайды.
14
Құдай Иемізді өлімнен қайта тірілтті, Ол біздің денемізді де Өзінің құдіретімен тірілтіп алмақ.
е
15
Денелеріңнің Мәсіхтің рухани денесінің мүшелері екенін білмейсіңдер ме? Мәсіхтің бір мүшесін қайсыбір жезөкшенің дене мүшесі етіп қоюға бола ма? Жоқ, мүлдем болмайды!
16
Әлде жезөкшемен жақындасқан кісінің онымен біртұтас болатынын білмейсіңдер ме? Себебі Тауратта «Екеуі біртұтас болады» делінген ғой.
ж
17
Ал Иемізге қосылған кісі Оның Өзімен рухани біртұтас болады.
з
18
Азғындықтан аулақ болыңдар! «Барлық күнә адам денесінен тысқары», — дейсіңдер. Бірақ адам азғындық арқылы өз денесіне күнә жасайды.
19
Әлде денелеріңнің Киелі Рух мекендейтін киелі үй екенін білмейсіңдер ме? Сендер Құдайдан қабылдаған Киелі Рух бойларыңнан орын алды. Енді өз меншіктерің емессіңдер,
20
Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар!
и

а  6:5; Мат 18:15-17.

ә  Яғни Мәсіх қайта оралғаннан кейін (Аян 5:10).

б  6:1,6; Елш 6:1-3,5.

в  Мат 5:39-41.

г  Ғал 5:21; Еф 5:5.

ғ  Яғни Құдайға бағышталған халқы (2:30; Еф 5:26; Елш 2:38; 22:16).

д  Қорынттық сенушілердің бірқатары дененің барлық құмарлықтарын еркін қанағаттандыруға болады деген жалған ілімді ұстанатын (6:15).

е  (15:20,23; Жох 6:39-40; 11:25-26; Флп 3:21) Сондықтан да денелеріңе қалай әрекет етулеріңнің үлкен маңызы бар (6:15,18-20).

ж  Жар 2:24.

з  Жох 17:21-23; Ғал 2:20.

и  7:23; Пет1 1:18-19; Рим 5:1; Флп 1:20.