Қорынттықт. 1-хат  13
Сүйіспеншілік туралы толғау
1
Мен адамдардың түрлі тілдерінде
Және періштелердің тілдерінде
Жатық та мүдірмей сөйлей білсем де,
Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса,
Сөздерім сыңғырлаған қоңырауға
Әрі шылдырлаған асатаяққа
а
Ұқсап мәнсіз боп қалады сонда.
2
Мен Құдайдың хабарларын жеткізсем,
Күллі құпия-сырларды да білсем,
Әр түрлі білімді иемденсем,
Тау қозғайтындай сенімге кенелсем,
ә
Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса,
Түкке де тұрмаймын мен онда.
3
Егер үлестірсем бар байлығымды
Бейшара жарлы-жақыбайларға,
Тіпті құрбан қылсам да жанымды,
Тәнімді қисам отқа жағуға,
Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса,
Маған келер пайда жоқ бұдан да.


4
Сүйіспеншілік шыдамды да қайырымды,
Еш қызғанбайды, мақтанбайды, паңданбайды,
5
Әдепсіз, өзімшіл, ашушаң да болмайды,
Ол көрген жәбірін есінде сақтамайды,
6
Әділетсіздікті еш құптамайды,
Қайта, ол ақиқатқа сүйсінеді,
7
Дәйім қорған болып, ұдайы сенеді,
Үмітін еш үзбей, бәріне шыдайды.
8
Сүйіспеншілік ешқашан сарқылмайды.


Құдайдың хабарын жеткізу тоқталар,
Бөтен тілдерде сөйлеу
б
де сарқылар,
Білім дарыны да кейін доғарылар.
9
Себебі біздің біліміміз жетіспейді,
Құдайдың хабарын жеткізуіміз шектеулі,
10
Алайда жетілгендік келген кезде
Шектеулінің барлығы да бітеді.


11
Бала кезімде балаша сөйлейтінмін,
Балаша ойлап, балаша пайымдадым.
Бірақ та ержеткеннен кейін мен
Қол үздім балалық қасиеттерден.
12
Сол сияқты, біздің қазір көргеніміз
Айнадағы көмескі бейне іспетті,
Ал болашақта
в
бетпе-бет анық көреміз.
Қазіргі білетінім тек қана шектеулі,
Ал Құдайдың мені толық білетіні секілді,
Бәрін де толықтай білемін сол кезде.


13
Сонымен сенім, үміт, сүйіспеншілік:
Осы үшеуі әрқашан да қалады.
Ал солардың ішінде сүйіспеншілік
Мәңгі бақи ең бастысы болады.

а  Немесе: даңғырлаған даңғыра, яки дауылпаз (Пат1 10:5; Жыр 150:5).

ә  12:9; Мат 17:20; 21:21.

б  12:10,28; 13:1; 14:39.

в  Мәсіх қайта оралғанда (Жох1 3:2).