Шежірелер 1-ж. 9
1
Бүкіл Исраил халқы осылай шежірелерінде тіркелді. Сол шежірелері «Исраил патшаларының кітабында» жазылды. Ал кейін Яһуда патшалығының халқы Жаратқан Иеге опасыздық жасағандарының кесірінен Бабыл еліне жер аударылды.
Иерусалимге қайтып келіп, қоныстанған халықтың шежіресі
2
Бабылдан қайтып келгеннен кейін алғашқы болып өз қалаларында қайта қоныстанып, мұралық жерлерін иемденгендер кейбір исраилдіктер, діни қызметкерлер, леуіліктер және ғибадатхана жұмыстарын атқарушы қызметшілер болды.
3
Яһуда, Бунямин, Ефрем, Манаса руларының Иерусалимде тұрып жатқандары мыналар еді:
4
Утай Амихудтың ұлы, Амридің немересі, Имридің шөбересі, Банидың шөпшегі болатын. Олар Яһуда ұлы Парестің ұрпақтары.
5
Яһуда ұлы Шелахтың ұрпақтарынан: тұңғыштық жолы болған Асаях және оның ұлдары.
6
Яһуданың немересі Зарахтың ұрпақтарынан: Еуел және оның бауырлары. Яһуда руының Бабылдан қайтып келгендерінің саны — алты жүз тоқсан.
7
Бунямин руынан: Саллу Мешуламның ұлы, Ходауияхтың немересі, Сенуаның шөбересі еді. Саллудан басқа:
8
Ерохамның ұлы Ибнеях; Ұззидің ұлы, Михридің немересі; Ела, Шафатияхтың ұлы, Рәгуелдің немересі, Ибнияхтың шөбересі Мешулам.
9
Шежірелерінде жазылғандай, Бабылдан оралған буняминдіктердің саны: тоғыз жүз елу алты. Осы адамдардың барлығы өз әулеттерінің басшылары болды.
Бабыл елінен қайта оралған діни қызметкерлер
10
Діни қызметкерлердің Бабыл елінен қайта оралғандары: Едаях, Ехоярип, Яхин,
11
Азариях. Азариях Хелкияның ұлы, Мешуламның немересі, Садықтың шөбересі, Мерайоттың шөпшегі, Ахитұбтың неменесі еді. Ахитұб Құдайдың ғибадатханасының басқарушысы болған.
12
Адаях Ерохамның ұлы, Пашхурдың немересі, Малқияхтың шөбересі, ал Мағасай Адиелдің ұлы, Яхзераның немересі, Мешуламның шөбересі, Мешілемиттің шөпшегі, Имердің неменесі еді.
13
Әулет басшысы болған діни қызметкерлердің саны: мың жеті жүз алпыс болды. Олардың барлығы қолдарынан іс келетін, Құдайдың ғибадатханасында жұмыс атқарған адамдар еді.
Леуі руының Бабылдан қайта оралған басқа адамдары
14
Леуіліктердің оралғандары: Шемаях Хашубтың ұлы, Азыриқамның немересі, Хашабияхтың шөбересі еді. Олар Мерари тармағына жататын.
15
Сондай-ақ, Бақбақар, Хереш, Ғалал, Маттаниях. Маттаниях Миханың ұлы, Зіхридің немересі, Асафтың шөбересі еді.
16
Абадиях Шемаяхтың ұлы, Ғалалдың немересі, Едутунның шөбересі еді. Барақиях нетопаттықтардың елді мекендерінде тұрған Елқанахтың немересі, Асаның ұлы еді.
Ғибадатхананың қақпа күзетшілері
17
Қақпа күзетшілерінен Бабылдан қайта оралғандары: Шаллум, Ақуб, Талмон, Ахиман және олардың ағайындары. Қақпа күзетшілерінің басшысы Шаллум болатын.
18
Бұлар ғибадатхананың шығыс жағындағы Патша қақпасында осы күнге дейін қызмет атқарып келеді. Олар, сондай-ақ, леуіліктердің мекендерінің де қақпа күзетшілері.
19
Шаллум Қоренің ұлы, Әбиясафтың немересі, Қорахтың шөбересі еді. Шаллум мен оның әулетіне жататын қақпа күзетшілері қайта тұрғызылған киелі үйдің кіреберістерін қарауылдауға міндетті болды. Ежелде олардың ата-бабалары да Жаратқан Иенің (жер бетіндегі) тұрағының кіреберістерін күзеткен болатын.
20
Баяғы заманда (діни қызметкер) Елазар ұлы Пінехес қақпа күзетшілерін басқарып, Жаратқан Ие онымен бірге болып жар болған еді.
21
Кейінірек Мешелемиях ұлы Зәкәрия кездесу шатырының кіреберісінің күзетшісі болды.
22
Жалпы, қақпа күзетшілерінің саны — екі жүз он екі. Олар өздерінің елді мекендерінде шыққан ата-тектері бойынша тіркелді. Дәуіт және Самуил пайғамбар осы қақпа күзету қызметін атқаруға (олардың ата-бабаларын) сенімділіктеріне бола таңдап алған болатын.
23
Содан олардың өздері де, кейінгі ұрпақтары да Жаратқан Иенің киелі үйіндегі қақпаларды күзетіп жүрді. Осы киелі үй бұрынғы киелі шатырдың орнын басқан еді.
24
Қақпа күзетшілері ғибадатхананың төрт жағында: шығыс, батыс, солтүстік, оңтүстікте тұратын.
25
Олардың елді мекендерінде тұратын руластары кезекпен келіп, жеті күндік қызмет ету мерзімдерін атқарып кетуге тиіс болды.
26
Сол басты төрт қақпаның леуілік күзетшілеріне зор аманат тапсырылды. Олар Құдайдың киелі үйіндегі бөлмелер мен қазыналардың үстінен қарайтын.
27
Бұларға Құдайдың киелі үйін күзету жүктелгендіктен, олар оның айналасында түнеп шығып, күн сайын таңертең оның қақпаларын ашуға міндетті болды.
Ғибадатханада қызмет ететін басқа леуіліктер
28
Леуіліктердің кейбіреулері ғибадатханадағы қызметтерде қолданылатын ыдыстар мен құрал-жабдықтар үшін жауапты болды. Сол қызметшілер ыдыстар мен құрал-жабдықтарды әкелініп, әкетілген кездерінде түгендеп санайтын.
29
Басқаларына киелі үйдегі жиһаздар мен барлық басқа аспаптарға әрі таңдаулы ұн, шарап, зәйтүн майы, түтетілетін хош иісті заттарға және дәмдеуіштерге күтім жасау жүктелді.
30
Ал хош иісті заттар мен иісмайды араластырып дайындаумен діни қызметкерлердің кейбіреулері ғана айналысты.
31
Қорахтың ұрпағы Шаллумның тұңғышы Мататиях есімді леуілік табада пісіріліп, тарту ретінде ұсынылатын нанды дайындауды басқарды.
32
Қахаттық тармаққа жататын олардың ағайындарының кейбіреулеріне әр демалыс күні ерекше нанды пісіріп, арнайы үстелге ұсынып қою міндеті жүктелді.
33
Әнші-күйшілер және леуілік әулет басшылары ғибадатхананың жанындағы бөлмелерде тұратын. Олар қызметтерін кезекпен күні-түні атқаратындықтан, қызметтің басқа түрлерінен босатылды.
34
Осылардың барлығы шежірелерінде жазылғандай, леуілік әулеттердің басшылары болды. Бұл жетекшілер Иерусалимде тұратын.
Саул патшаның шежіресі
35
Гибеонның түп атасы Еиел Гибеон қаласында тұрды. Оның әйелінің аты Маха,
36
тұңғыш ұлының аты Абыдон болатын. Еиелдің одан кейінгі ұлдары: Сур, Қиш, Бағал, Нер, Надаб,
37
Гедор, Ахио, Зәкәрия,
38
Миқлот. Миқлот Шимеяхтың әкесі болды. Бұлар да ағайындарының қасында Иерусалимде тұрды.
39
Нердің ұлы Қиш, Қиштың ұлы Саул (патша) еді. Саулдың ұлдары: Жонатан, Мәлхисуа, Әминадап, Әшбағал.
40
Жонатанның ұлы Меріб-Бағал, ал соның ұлы Миха болды.
41
Миханың ұлдары: Питон, Мәлік, Тареях, Ахаз.
42
Ахаздың ұлы: Жоғадах, Жоғадахтың балалары: Алемет, Азмаует, Зімри, ал Зімридің ұлы Моса еді.
43
Мосадан өрбіген ұрпақтар: Мосадан Бинея, одан Рефаях, одан Елеаса, одан Асел.
44
Аселдің алты ұлы болды, олардың есімдері: Азыриқам, Бохыру, Ысмағұл, Шеғариях, Абадиях, Ханан. Осылардың барлығы Аселдің ұлдары еді.