Шежірелер 1-ж.  7
Исашар руының шежіресі және жасақшылары
1
Исашардың ұлдары: Тола, Пуа, Яшуб,
а
Шимрон, барлығы төртеу.
2
Толаның ұлдары: Ұззи, Рефаях, Ериел, Яхмай, Ибсам, Самуил. Олар өз әулеттерінің басшылары болды. Дәуіттің патшалық құрып тұрған кезінде Толаның ұрпақтарынан шыққан, шайқасқа жарамды ер адамдардың саны шежірелерінде жиырма екі мың алты жүз болып тіркелген.
3
Ұззидің ұлы: Израқиях. Израқияхтың ұлдары: Михайл, Абадиях, Жоел, Ишиях. Олардың бесеуі де әулет басшылары болды.
4
Бұлардың әйелдері мен балалары көп болғандықтан, әулеттерінде шежірелеріне сәйкес отыз алты мың шайқасқа жарамды ер адам болды.
5
Шежірелердегі жазбаларға сәйкес, Исашар руындағы әулеттердің шайқасқа жарамды ер адамдарының барлығы сексен жеті мың болды.
Бунямин руының бірнеше әулеттері және жасақшылары
6
Буняминнің үш ұлы: Бела, Бехер, Едияил.
7
Беланың ұлдары: Есбон, Ұззи, Ұзиел, Еримот, Ири. Бесеуі де әулет басшылары болды. Олардың шежірелерінде шайқасқа жарамды жиырма екі мың отыз төрт ер адам тіркелген.
8
Бехердің ұлдары: Земирах, Жоғас, Елиезер, Елиохенай, Амри, Еремот, Абиях, Анатот, Алемет. Бехердің осы ұлдарының
9
шежірелерінде әулеттердің басшылары және шайқасқа жарамды жиырма мың екі жүз ер адам тіркелген.
10
Едияил ұлы Билханның ұлдары: Егуш, Бунямин, Ехуд, Хенағана, Зетан, Тарсис, Ахишахар.
11
Едияилдің осы ұлдарының барлығы әулет басшылары болды. Әулеттерінде шайқасқа жарамды он жеті мың екі жүз ер адам болды.
12
Шупим мен Хупим Ирдың, ал Хушим Ахердің ұрпақтары болды.
Нафталим руының негізі
13
Нафталимның ұлдары: Яхсиел, Гуни, Есер, Шилем.
ә
Бұлар Рахиланың күтуші күңі Балханың ұрпақтары болды.
б
Манаса руының Башандағы жартысының шежіресі
14
Манасаның ұрпақтары: Манасаның арамалық кәнизагы Асриел мен Махырды туды. Махыр Ғилақадтың әкесі болды.
15
Махыр Хупим мен Шупимнің қарындасы Махаға үйленді.
в
Манасадан тараған тағы бір ұрпақтың аты: Салопахад; оның тек қыздары болды.
г
16
Махырдың әйелі Маха ұл туып, атын Переш деп қойды. Оның інісінің аты: Шереш. Шерештің Ұлам мен Рекем есімді ұлдары болды.
17
Ұламның ұлы: Бедан. Осылар Манасаның ұрпағы Махыр ұлы Ғилақадтың
ғ
ұрпақтары болып саналды.
18
Махырдың қарындасы Молехет Ишход, Әбиезер,
д
Махланы туды.
19
Шемиданың
е
ұлдары: Ахиан, Сихем, Лихи, Аниям.
Ефрем руының шежіресі және мекендері
20
Ефремнің ұрпақтары: Ефремнің ұлы Шутелахтан Беред, Бередтен Тахат, Тахаттан Елеада, Елеададан Тахат,
21
Тахаттан Зауад, Зауадтан Шутелах тарады.
Езер, Елеад есімді екі ер адамды Ғат қаласының
ж
жергілікті тұрғындары өлтіріп тастады. Екеуі олардың малдарын айдап алып кетуге сонда ылдилап барған еді.
22
Әкелері Ефрем
з
сол екеуін ұзақ уақыт жоқтап, ағайындары оны жұбатуға келді.
23
Ефрем әйелімен жақындасып, әйелі жүкті болып, ұл туды. Шаңыраққа түскен бақытсыздыққа бола, әкесі осы ұлының атын Бериях («Бақытсыздықта») деп қойды.
и
24
Ефремнің Шегера есімді қызы Төменгі және Жоғарғы Бет-Хорон әрі Уззен-Шегера атты қалалардың негізін салды.
25
(Ефремнің үрім-бұтағындағы Шутелахтан өрбіген өзге ұрпақтар: Шутелахтан) Рефах, одан Решеп, одан Телах, одан Тахан,
26
одан Лағдан, одан Амихуд, одан Әлишама,
27
одан Нұн, одан Ешуа.
к
28
Ефрем руының иемденген жері мен қоныстары (оңтүстігінде) Бетел мен оған қарасты елді мекендерді, шығысында Нағаранды, батысында Гәзер мен оған қарасты елді мекендерді, солтүстігінде Сихем мен оған қарасты елді мекендерді әрі Аиях пен оған қарасты елді мекендерді қамтыды.
29
Ефремнің Манаса руының жерімен шекарасында Бет-Шан, Тағанах, Мегидо, Дор қалалары және оларға қарасты елді мекендер орналасқан еді. Осы қалаларда Исраил ұлы Жүсіптің ұрпақтары
қ
қоныстанды.
Ашир руының шежіресі және жасақшылары
30
Аширдің ұлдары: Имна, Ишуах, Ишуи, Бериях; олардың әпке-қарындасы: Серах
л
31
Берияхтың ұлдары: Хебер, Малхиел; Малхиелдің ұлы: Бирзаит.
32
Хебердің ұлдары: Яплет, Шомер, Хотам; олардың әпке-қарындасы: Шуа.
33
Яплеттің ұлдары: Пасах, Бимхал, Ашуат.
34
Шомердің ұлдары: Ахи, Рохга, Ихуба,
м
Арама.
35
Оның бауыры Хелемнің ұлдары: Софах, Имна, Шелеш, Амал.
36
Софахтың ұлдары: Суах, Харнефер, Шуал, Бери, Имра,
37
Бесер, Ход, Шамма, Шилша, Итран, Бегера.
38
Етердің ұлдары: Ефунне, Писпа, Ара.
39
Улланың ұлдары: Арах, Ханиел, Рисиях.
40
Осылардың барлығы: Аширден тараған ұрпақтар. Олар әулеттердің басшылары, таңдаулы да мықты жауынгерлер және жетекші басшылар болатын. Ашир руының шежірелеріне сәйкес, шайқасқа жарамды ер адамдарының саны жиырма алты мың болды.

а  Осы есім Ишоб не Иоб деп те дыбысталатын.

ә  Осы есімнің Шиллем, Шаллум деген түрлері де бар.

б  Балха Нафталимның шешесі еді. Б.з.д. 900 ж. шамасында жау Нафталим руының жерін басып, халқын айдап әкетті (Жар 30:7-8; 46:24; Рул 26:48-50; Пат3 15:20; Пат4 15:29). Киелі кітапта осы рудың нақты шежіресінің берілмегені содан шығар.

в  Немесе: Махыр Хупим мен Шупим әулеттері арасынан өзіне әйел алды. Оның қарындасының аты Маха болды.

г  Рул 27:1-11; Еш 17:3-4.

ғ  7:14; Рул 26:30.

д  Еш 17:2.

е  Еш 17:2.

ж  Осы Ғат філістірлердің қаласы емес, Сихемнің маңындағы шағын қала болғаны ықтимал.

з  Оның рудың түп атасы Ефремнің кейінгі ұрпағы болғаны ықтимал.

и  (7:21) Бериях есімі түпнұсқа тіліндегі «бақытсыздықта» деген сөзіне ұқсас естіледі.

к  Рул 13:8,16; Заң 32:44; Еш 1:1.

қ  Екі рудың түп аталары Ефрем мен Манаса Жүсіптің ұлдары еді (Жар 46:20; 48:1,13).

л  Жар 46:17.

м  Осы есімнің басқа түрлері: Ехубба, Хубба.