Шежірелер 1-ж. 6
Леуінің үрім-бұтағы және діни қызметкерлердің тізімі
1
Леуінің ұлдары: Герсон, Қахат, Мерари.
2
Қахаттың ұрпақтары: Ымрам, Ысқар, Хеброн, Ұзиел.
3
Ымрамның балалары: Һарон, Мұса, Мәриям.
(Діни қызметкер) Һаронның ұлдары: Надаб, Әбиһу, Елазар және Ітамар.
4
Елазардан өрбіген ұрпақтар: Елазардан Пінехес, одан Абишуа,
5
одан Буки, одан Ұззи,
6
одан Зерахиях, одан Мерайот,
7
одан Амариях, одан Ахитұб,
8
одан Садық, одан Ахимағас,
9
одан Азариях, одан Жоханан,
10
одан Азариях. Азариях Сүлейменнің Иерусалимде тұрғызған ғибадатханасында діни қызметкер болды.
11
Азарияхтан Амариях, одан Ахитұб,
12
одан Садық, одан Шаллум,
13
одан Хелкия, одан Азариях,
14
одан Сераях, одан Ехосадық тарады.
15
Жаратқан Ие Яһуда елі мен Иерусалимнің халқын Набуходоносордың қолымен жер аударғанда Ехосадық та бірге кеткен болатын.
Леуі руының үш тармағы: Герсон, Қахат, Мерари
16
Сонымен Леуінің ұлдары Герсон, Қахат, Мерари болды.
17
Герсонның ұрпақтары: Лібіни мен Шимей.
18
Қахаттың ұрпақтары: Ымрам, Ысқар, Хеброн, Ұзиел.
19
Мераридің ұрпақтары: Мәхли мен Мұши.
Түп аталарына сәйкес леуіліктердің әулеттері мыналар:
20
Герсонның үрім-бұтағындағы Лібіниден өрбіген ұрпақтар: Лібіниден Яхат, одан Зиммах,
21
одан Жоғах, одан Иддо, одан Зарах, одан Иятырай.
22
Қахаттың үрім-бұтағындағы Әминадаптан өрбіген ұрпақтар: Әминадаптан Қорах, одан Асир,
23
одан Елқанах, одан Әбиясаф, одан Асир,
24
одан Тахат, одан Ұриел, одан Ұзиях, одан Саул.
25
Елқанахтың ұрпақтарына Амасай мен Ахимот жатты.
26
Ахимоттан өрбіген ұрпақтар: Ахимоттан Елқанах, одан Сұф, одан Нахат,
27
одан Елияп, одан Ерохам, одан Елқанах, одан Самуил (пайғамбар).
28
Самуилдің ұлдары: тұңғышы Жоел мен екіншісі Абиях.
29
Мераридің үрім-бұтағындағы Мәхлиден өрбіген ұрпақтар: Мәхлиден Лібіни, одан Шимей, одан Ұза,
30
одан Шима, одан Хагиях, одан Асаях.
Киелі үйдегі леуілік әнші-күйшілер
31
Келісім сандығын Жаратқан Иенің киелі үйіне алып келіп, сондағы тұрақты орнына қойғаннан кейін Дәуіт патшаның сол жерде әнші-күйші болып, қызмет етуге тағайындаған адамдарының аттары төменде берілген.
32
Сүлеймен патша Иерусалимде Жаратқан Иеге ғибадатхана тұрғызғанға дейін, олар әнші-күйші қызметін киелі кездесу шатырында атқарып жүрген еді. Олар бұл міндеттерін өздеріне арналған ережелер бойынша орындайтын.
33
Қызмет еткендердің есімдері ұлдарымен қоса мыналар: қахаттық тармақтан әнші-күйші Хеман. Оның шыққан ата-тегі мынау: Хеман Жоелден, Жоел Самуилден,
34
Самуил Елқанахтан, Елқанах Ерохамнан, Ерохам Елиелден, Елиел Тохудан,
35
Тоху Сұфтан, Сұф Елқанахтан, Елқанах Махаттан, Махат Амасайдан,
36
Амасай Елқанахтан, Елқанах Жоелден, Жоел Азарияхтан, Азариях Софониядан,
37
Софония Тахаттан, Тахат Асирдан, Асир Әбиясафтан, Әбиясаф Қорахтан,
38
Қорах Ысқардан, Ысқар Қахаттан, Қахат Леуіден, Леуі Исраилден.
39
Хеманның оң жағында тұрып қызмет еткен көмекшісі Асаф болды. Оның шыққан ата-тегі мынау: Асаф Барақияхтан, Барақиях Шимадан,
40
Шима Михайлдан, Михайл Бағасеядан, Бағасея Малқияхтан,
41
Малқиях Етниден, Етни Зарахтан, Зарах Адаяхтан,
42
Адаях Етаннан, Етан Зиммахтан, Зиммах Шимейден,
43
Шимей Яхаттан, Яхат Герсоннан, Герсон Леуіден.
44
Хеманның сол жағында тұрып қызмет еткен көмекшісі Мерари тармағына жататын Етан болды. Оның шыққан ата-тегі мынау: Етан Қишидан, Қиши Әбдиден, Әбди Маллухтан,
45
Маллух Хашабияхтан, Хашабиях Амасияхтан, Амасиях Хелкиядан,
46
Хелкия Амсиден, Амси Банидан, Бани Шемерден,
47
Шемер Мәхлиден, Мәхли Мұшидан, Мұши Мерариден, Мерари Леуіден.
48
Олармен рулас өзге леуіліктер Құдайдың жер бетіндегі тұрағы — киелі шатырдағы барлық басқа жұмыстарды атқаруға тағайындалды.
Діни қызметкер Һаронның ұрпақтары және олардың міндеттері
49
Һарон әрі одан кейінгі ұрпақтары құрбандық өртелетін үстелде құрбандықтарды және түтету үстелінде хош иісті заттарды өртеп ұсынатын. Олар киелі үйдің ең қасиетті бөлмесіндегі барлық басқа қызметтерді де атқарып, Исраил халқын жасаған күнәларының арамдығынан тазартатын. Бұл Құдайдың қызметшісі Мұса оларға берген барлық нұсқауларына сәйкес болды.
50
Һароннан өрбіген ұрпақтар: Һароннан Елазар, одан Пінехес, одан Абишуа,
51
одан Буки, одан Ұззи, одан Зерахиях,
52
одан Мерайот, одан Амариях, одан Ахитұб,
53
одан Садық, одан Ахимағас.
Леуіліктерге тұруға арналған елді мекендер
54
Леуіліктерге белгіленген елді мекендер мен жерлер мыналар: Қахат тармағынан шыққан Һаронның ұрпақтарына бірінші жеребе түскендіктен,
55
оларға Яһудадағы Хеброн қаласы мен оған қарасты жайылымдар табысталды.
56
Бірақ Хебронға қарасты егістік жерлер мен елді мекендер Ефунне ұлы Халепке бөлініп берілді.
57
Сонымен Һаронның ұрпақтарына Хеброн қаласы табысталды. Хеброн абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын қала болатын. Һаронның ұрпақтарына мұнан басқа Либна, Ятир, Ештемоға,
58
Хилен, Дебир,
59
Ашан, Юта, Бет-Шәміш қалалары да жайылымдарымен қоса табысталды.
60
Бунямин руынан оларға (Гибеон әрі) Геба, Алемет, Анатот қалалары жайылымдарымен қоса берілді. Һаронның ұрпақтарына әулеттеріне қарай берілген осы қалалардың жалпы саны он үш болды.
61
Қахат тармағының қалған бөлігіне Манасаның (Иорданның батыс жағындағы) жарты руының жерінен он қала жеребе бойынша тиді.
62
Герсон тармағына әулеттеріне қарай Исашар, Ашир, Нафталим рулары және Манаса руының (шығыстағы) екінші жартысынан Башандағы он үш қала тиді.
63
Мерари тармағына әулеттеріне қарай Рубен, Ғад, Забулон руларының жерінен он екі қала тиді.
64
Осылайша исраилдіктер леуіліктерге бұл қалаларды жайылымдарымен қоса табыстады.
65
Оларға Яһуда, Шимон, Бунямин руларынан жоғарыда аты аталып өткен қалаларды жеребе бойынша үлестіріп берді.
66
Қахат тармағының басқа да кейбір әулеттеріне Ефрем руының жерінен мына қалалар жайылымдарымен қоса бөлінді:
67
Ефремнің таулы аймағынан: Сихем қаласы. Ол абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын қала болатын. Сол әулеттерге одан басқа Гәзер,
68
Жоқмеам, Бет-Хорон,
69
Аялон, Ғат-Риммон да табысталды.
70
Қахат тармағының қалған әулеттеріне Манаса руының (Қанахан еліндегі) жартысынан Анер, Билеам қалалары жайылымдарымен қоса бөлінді.
71
Герсон тармағына мына қалалар жайылымдарымен қоса тиді: Манаса руының шығыстағы жартысынан: Башан аймағындағы Ғолан мен Аштарот;
72
Исашар руынан: Кедес, Даберат,
73
Рамот, Анем;
74
Ашир руынан: Машал, Абыдон,
75
Хұқоқ, Рехоб;
76
Нафталим руынан: Ғалилеядағы Кедес, Хаммон, Кириятаим.
77
Леуіліктердің қалған тармағы — мерариліктерге мына қалалар жайылымдарымен қоса берілді: Забулон руынан: Жоқнеам, Қарта, Риммоно, Табор;
78
Иордан өзенінің шығыс жағындағы Рубен руынан Иерихонға қарама-қарсы иен даладағы Бесер; одан басқа Жахса,
79
Кедемот, Мефағат;
80
Ғад руынан: Ғилақадтағы Рамот, Маханайым,
81
Хешебон, Жазер.