Шежірелер 1-ж.  3
Дәуіт патшаның әулеті
1
Дәуіттің
а
Хебронда дүниеге келген ұлдары: тұңғышы — Амнон, оның шешесі ізрелдік Ахиноғам еді. Екінші ұлы Даниял
ә
кәрмелдік Әбигелден туды.
2
Үшіншісі — Абессалом, оның шешесі Гешур патшасы Талмайдың қызы Маха болатын. Төртінші ұлы — Адонияхтың шешесі Аггит,
3
бесіншісі — Шафатияхтың шешесі Абитал, ал алтыншысы — Ітерамның шешесі Дәуіттің өзге әйелі Әгла болды.
4
Осы алты ұлы Дәуіттің Хебронда жеті жыл алты ай патшалық құрған кезінде туды.
б
Бұдан кейін Дәуіт Иерусалимде отыз үш жыл патшалық құрды.
в
5
Сонда дүниеге келген ұлдарының есімдері мыналар: Шаммуа,
г
Шобаб, Натан, Сүлеймен. Бұл төртеуін Елиям қызы Барсабия
ғ
туды.
6
Сол тұста Дәуіттің Ипхар, Әлишуа, Елпәлет,
7
Ноғах, Непек, Япияқ,
8
Әлишама, Әлияда және Әлипәлет деген ұлдары да дүниеге келді: барлығы тоғыз.
9
Дәуіттің ұлдары осылар, ал соларға қоса оның кәнизактарынан туған ұлдары да болды. Тамар
д
Дәуіттің ұлдарына әпке-қарындас болатын.
Дәуіттің Яһуда еліне патшалық құрған ұрпақтары
10
Дәуіт ұлы Сүлейменнен өрбіген ұрпақтар: Сүлейменнен Рохабоғам, одан Абиях, одан Аса, одан Жосапат,
11
одан Жорам, одан Охозиях, одан Жоғас,
12
одан Амасиях, одан Азариях (яғни Ұзиях),
е
одан Жотам,
13
одан Ахаз, одан Езекия, одан Манаса,
14
одан Амон, одан Жосия.
15
Жосияның ұлдары: тұңғышы Жоханан, екіншісі Жохақым, үшіншісі Седекиях, төртіншісі Шаллум.
ж
16
Жохақымнан кейін патша болғандар: оның ұлы Ехониях және туған інісі Седекиях.
з
Ехониях патшаның жер аударылғаннан кейінгі ұрпақтары
17
Бабылдықтар тұтқындап алып кеткен Ехонияхтың ұрпақтары мыналар: өз ұлы Салатиел,
18
әрі Малқирам, Педаях, Шенасар, Екамиях, Хошама, Недабиях.
19
Педаяхтың ұлдары: Зоробабел,
и
Шимей. Зоробабелдің ұлдары: Мешулам, Хананиях, олардың әпке-қарындасы: Шеломит.
20
Зоробабелдің бұлардан басқа тағы бес ұлы: Хашуба, Оһел, Барақиях,
к
Хасадиях, Жушап-Хесед болды.
21
Хананияхтан өрбіген ұрпақтар: Пелатиях пен Ишая әрі Рефаяхтың, Арнанның, Абадияхтың және Шеханияхтың ұлдары.
қ
22
Шеханияхтың ұрпақтары: Шемаях және оның ұлдары Хатуш,
л
Иғал, Бариях, Неариях, Шапат, барлығы алтау.
23
Неарияхтың ұлдары: Елиохенай, Езекия, Азыриқам, барлығы үшеу.
24
Елиохенайдың ұлдары: Ходауиях, Елияшип, Пелаях, Ақуб, Жоханан, Делаях, Анани, барлығы жетеу.

а  2:15.

ә  Оның басқа аты: Хилеяб (Пат2 3:3).

б  Пат2 3:2-5.

в  Пат2 5:5.

г  (14:4; Пат2 5:14) Осы есімнің басқа түрлері: Шима, Самус.

ғ  (Пат2 11:3) Елиямның басқа аттары: Аммиел, Аммиил. Барсабия Вирсавия, Батшуа не Батшеба деп те аталатын.

д  Пат2 13:1.

е  Азарияхтың басқа есімі Ұзиях еді (Шеж2 26:1).

ж  Шаллумның басқа есімі Жоғахаз еді (Шеж2 36:1-4).

з  Пат4 24:17-18.

и  (Езр 2:2; Хақ 1:1) Осы есімнің басқа түрі: Зеруббабыл.

к  Осы есімнің басқа түрі: Берехия («Жаратқан Иенің берекесі»).

қ  Немесе: Ишаядан өрбіген ұрпақтар: Ишаядан Рефаях, одан Арнан, одан Абадиях, одан Шеханиях.

л  Езр 8:2; Нех 10:4.