Шежірелер 1-ж. 2
Исраилдің (Жақыптың) ұлдары
1
(Алғашқыда Жақып деп аталған) Исраилдің ұлдары: Рубен, Шимон, Леуі, Яһуда, Исашар, Забулон,
2
Дан, Жүсіп, Бунямин, Нафталим, Ғад, Ашир.
Яһуданың үрім-бұтағы: Яһуда руының бастамасы
3
Яһуданың ұлдары: Ер, Онан, Шелах. Осы үш ұлы Шуа есімді қанахандық адамның қызынан туған. Яһуданың тұңғыш ұлы Ердің мінез-құлқы Жаратқан Иеге жек көрінішті болғандықтан, Жаратқан Ие оның өмірін қысқа қылды.
4
Кейін Яһуданың келіні Тамар оған Парес пен Зарахты туды. Яһуданың барлығы бес ұлы болды.
5
Парестің ұлдары: Хесрон мен Хамул.
6
Зарахтың ұлдары: Зімри, Етан, Хеман, Халқол, Дара, барлығы бесеу.
7
(Зарахтың шөбересі) Қарми ұлы Ахан Жаратқан Иеге бағышталған, жойылуға тиісті заттан алып, Исраилдің басына пәле келтірді.
Яһуданың шөбересі Хесрон ұлы Рамның әулеті
9
Хесронның ұлдары: Ерахмел, Рам, Халеп.
10
Рамнан Әминадап, Әминадаптан Яһуданың рубасы Нағасон,
11
Нағасоннан Салмон, Салмоннан Боғоз,
12
Боғоздан Ғабит, Ғабиттен Есей туды.
13
Есейдің ұлдары: тұңғышы Елияп, екіншісі Абинадап, үшіншісі Шаммах,
14
төртіншісі Нетанел, бесіншісі Раддай,
15
алтыншысы Осем, ал жетіншісі Дәуіт (патша) еді.
16
Есейдің қыздары: Сарұя, Әбигел. Сарұяның үш ұлы: Әбішай, Жоғаб, Асахил.
17
Әбигел ысмағұлдық Етерге күйеуге шығып, Амасаны туды.
Хесрон ұлы Халептің әулеті
18
Хесрон ұлы Халеп әйелі Азубадан мына ұлдарын сүйді: Ешер, Шобаб және Ардон. Халеп Ериоттан да бала сүйген.
19
Азуба қайтыс болғанда, Халеп Ефратаға үйленді, ол Халепке Һұрды туды.
20
Һұрдан Ұри, ал Ұридан Беселиел тарады.
21
Кейінірек Хесрон жасы алпысқа толғанда, Ғилақадтың әкесі Махырдың қызына үйленіп, одан Сегуб есімді ұлын сүйді.
22
Ғилақадтағы жиырма үш елді мекенді иемденген Жайыр сол Сегубтің ұлы болатын.
23
Ал кейін Гешур мен Арама патшалықтары Жайырдың қоныстарын және Кенат қаласын айналасындағы елді мекендерімен бірге жаулап алды. Сол елді мекендердің жалпы саны алпыс болған. Бұларда қоныстанғандардың барлығы Ғилақадтың әкесі Махырдан тарады.
24
Хесрон Халеп-Ефратада қайтыс болғаннан азғана уақыт өткенде, әйелі Абия оның ұлы Ашхұрды туды. Ашхұр Текояның әкесі болды.
Хесрон ұлы Ерахмелдің әулеті
25
Хесронның тұңғыш ұлы Ерахмелдің ұлдары: тұңғышы Рам, ал кейінгілері Буна, Орен, Осем, Ахиях еді.
26
Ерахмелдің Атара деген тағы бір әйелі болды, ол Онамды туды.
27
Ерахмелдің тұңғыш ұлы Рамның ұлдары: Мағас, Ямин, Екер.
28
Онамның ұлдары: Шаммай мен Ядақ. Шаммайдың ұлдары: Надаб, Абишур.
29
Абишурдың әйелінің аты Әбихаил, ол оған Ахбан мен Молидті туды.
30
Надабтың ұлдары: Селед, Афаим. Селед соңынан бала қалдырмай қайтыс болды.
31
Ал інісі Афаимнан Иши, одан Шешан, одан Ахлай тарады.
32
Шаммайдың інісі Ядақтың ұлдары: Етер, Жонатан. Етер соңынан бала қалдырмай қайтыс болды.
33
Жонатанның ұлдары: Пелет, Заза. Осылардың барлығы Ерахмелден тараған ұрпақтар.
34
Шешанның ұлдары болмай, тек қыздары болды. Шешан Жарқа деген мысырлық қызметшісіне
35
бір қызын қосып, ол Аттайды туды.
36
Аттайдан өрбіген ұрпақтар: Аттайдан Натан, одан Зауад,
37
одан Ефлал, одан Ғабит,
38
одан Еһу, одан Азариях,
39
одан Хелес, одан Елеаса,
40
одан Сисмай, одан Шаллум,
41
одан Екамиях, одан Әлишама.
Хесрон ұлы Халептен тараған әулеттер
42
Ерахмелдің інісі Халептің ұлдары: тұңғышы Меса, соның ұлы Зиф, ал екінші ұлы Мареша еді, ол Хебронның әкесі болды.
43
Хебронның ұлдары: Қорах, Таппуах, Рекем, Шема.
44
Шемадан өрбіген ұрпақтар: Шемадан Рахам, одан Жорқиям, одан Шаммай,
45
одан Мағон, одан Бет-Сұр.
46
Халептің Ефа есімді кәнизагы Харан, Моса, Ғазезді туды. Харанның ұлының есімі де Ғазез еді.
47
Яхдайдың ұлдары: Регем, Жотам, Гешан, Пелет, Ефа, Шағаф.
48
Халептің Маха есімді кәнизагы Шебер мен Тирханахты туды.
49
Мадманахтың әкесі Шағафты және Махбенах пен Гибеяның әкелері Шеуаны туған да сол Маха болатын. Халептің бір қызының есімі Ахса еді.
50
Осылардың барлығы Халептің үрім-бұтағы.
Ефратаның тұңғышы Һұрдың ұлдары: Кирият-Иғарымның басқарушысы Шобал,
51
Бетлехемнің басқарушысы Салмон, Бетгәдердің басқарушысы Хареф.
52
Кирият-Иғарымның басқарушысы Шобалдың ұрпақтары: Хароге, Манахат тұрғындарының жартысы
53
әрі Кирият-Иғарымды мекендеген Итір, Пұт, Шумат, Мишра атты әулеттер. Бұлардан Сора мен Ештағолдың тұрғындары тарады.
54
Салмонның ұрпақтары: Бетлехем, Нетопат және Атырот-Бет-Жоғабтың тұрғындары, Манахат тұрғындарының қалған жартысы және Сораның тұрғындары.
55
Ябесте тұрып жатқан хатшылар: Тират, Шимеят, Суха атты әулеттер. Бұлар Рехап әулетінің басшысы Хаматтан тараған кендіктер.