Шежірелер 1-ж.  10
Саул патшаның өлімі
1
(Саул патшаның соңы былай болды:) Бірде філістірлер Исраилдің жасағына қарсы соғысқанда, исраилдіктер олардан қашып, көбі Гелбуе тауында қаза тапты.
2
Філістірлер Саул мен оның ұлдарының соңына түсіп, ақыры ұлдары Жонатан, Әминадап,
а
Мәлхисуаны өлтірді.
3
Саулдың айналасындағы шайқас қатты күшейе түсті. Садақшылардың жебелері дәл тиіп, оны ауыр жарақаттады.
4
Саул өзінің қару-жарақ тасушы нөкеріне: «Семсеріңді суырып, маған сұғып ал! Мына құдайсыздар
ә
келіп, маған білгендерін істеп масқара қылмасын!» — деп бұйырды. Бірақ нөкері қатты қорқып, бұны істеуден бас тартты. Сонда Саул өз семсерін суырып алып, оны өзіне қаратып үстіне құлап түсті.
5
Қару тасушы нөкері Саулдың мерт болғанын көргенде, ол да дәл солай өзін-өзі өлтірді.
6
Осылайша бір-ақ күнде Саул мен оның үш ұлы да қаза тауып, Саулдың әулеті түгелімен дерлік құрып кетті.
7
Ізрел аңғарындағы
б
күллі исраилдіктер Исраилдің жасағының қашқанын әрі Саулдың ұлдарымен қоса мерт болғанын білгенде, олар тұрып жатқан қалаларын тастап, қаша жөнелді. Ал філістірлер келіп, сол қалаларға қоныстанып алды.
8
Келесі күні філістірлер қаза тапқандарды тонауға келгенде, Гелбуе тауында өліп жатқан Саул мен оның үш ұлының мәйіттеріне тап болды.
9
Жасақшылар Саулдың сауытын сыпырып, басын шауып алды әрі барлық қару-жарағын иемденді. Осы хабарды бүкіл філістір еліне, олардың табынатын жалған тәңірлерінің мүсіндеріне және халық арасына тарату үшін шабармандарын жіберді.
10
Філістірлер Саулдың қару-жарағын тәңірсымақтарының ғибадатханасына сақтап қойып, басын Дагон есімді жалған тәңірдің ғибадатханасының ішіне
в
іліп қойды.
11
Бірақ (кезінде Саул жаудың зұлымдығынан құтқарып алған) Ғилақадтағы Ябес қаласының күллі тұрғындары
г
філістірлердің Саулға істеген бүкіл қорлығы туралы естіді.
12
Қаланың мықты деген ер азаматтарының бәрі де жолға жиналып, (Бет-Шан қамалына барды. Сонда) олар Саул мен оның ұлдарының мәйіттерін қолға түсіріп, Ябеске алып келді. Содан олар сүйектерін Ябесте бір үлкен ағаштың түбіндегі қабірге қойып, жеті күн бойы ораза ұстап, мерт болғандарды жоқтады.
ғ
13
Саул Жаратқан Иеге опасыздық жасап, бағынбай кеткендіктен өлді. Ол тіпті аруақ шақырушы сәуегейден кеңес сұраған болатын,
д
14
ал Жаратқан Иеден ақыл-кеңес сұраған жоқ. Сол себепті Жаратқан Ие Саулдың өмірін қысқартып, патшалық билікті Есей ұлы Дәуітке тапсырды.
е

а  (Пат1 31:2) Осы есімнің Авинадав деген түрі де бар.

ә  Пат1 14:6; 31:4.

б  Пат1 29:1,11; 31:7.

в  Бил 16:23-30; Пат1 5:2-8.

г  Пат1 31:11; 11:1-11.

ғ  Пат1 31:11-13.

д  Пат1 13:13; 15:23; 28:7; Леу 19:31; 20:6.

е  12:23; Пат1 15:28.