Шежірелер 1-ж.  1

Адам атадан Нұх пайғамбардың ұлдарына дейінгі ұрпақтар

1
Адам (ата), Сет, Енос,
2
Қайнан, Мақалалел, Иәрет,
3
Енох, Мәтусал, Ләмех, Нұх.
а
4
Нұхтың ұлдары: Шам, Хам, Япші.
ә
Япшінің үрім-бұтағы
5
Япшіден Гомер, Магог, Мадай, Яуан, Тұбал, Мешех, Тирас тарады.
6
Гомерден Ашкеназ,
б
Рифат, Тоғарма тарады.
7
Яуанның ұлдары: Елиша, Тарсис, Кіттим, Доданим
в
тарады.
Хамның үрім-бұтағы
8
Хамның ұрпақтары: Құш, Мысыр, Пұт, Қанахан.
9
Құштың ұрпақтары: Себа, Хауила, Сабтах, Рахама, Саптеха. Рахаманың ұрпақтары: Сәба,
г
Дедан.
10
Құштан Нымрод та тарады. Ол жер бетіндегі күшті әміршіге айналды.
11
Мысырдан луд, анам, лехап, нафтух,
12
патрус, қаслух, қаптор атты халықтар тарады. Осылардан філістірлер шықты.
ғ
13
Қанаханның тұңғыш ұлы Сидон еді. Содан кейін Қанаханнан хеттік,
14
ебустік, аморлық, гергестік,
15
хевтік, арқалық, синдік,
16
аруадтық, семарлық, хаматтық атты халықтар да тарады.
Шамның үрім-бұтағы
17
Шамнан Елам, Ассур, Арпақсат, Луд, Арама тарады.
Арамадан Ус, Хұл, Гетер, Мешех,
д
18
Арпақсаттан Шелах, ал Шелахтан Ебер тарады.
19
Еберден екі ұл туды. Тұңғышының есімі Пелек («Бөліну») болды, өйткені оның заманында жер беті бөлінді.
е
Ал кенжесінің есімі Жоқтан еді.
20
Жоқтаннан Алмодат, Шалеф, Хасармаует, Жерах,
21
Хадорам, Узал, Диқла,
22
Обал,
ж
Әбімаил, Сәба,
23
Опыр, Хауила және Жобаб тарады. Бұлардың бәрі Жоқтанның ұрпақтары.
24
(Мынау Ыбырайым пайғамбардың ата-тегі:) Шам, Арпақсат, Шелах,
25
Ебер, Пелек, Рәгу,
26
Серук, Нахор, Тарах,
27
Ыбырам. Ол кейін Ыбырайым деп аталды.
з
Ыбырайымның үрім-бұтағы
28
Ыбырайымның ұлдары: Ысқақ, Ысмағұл.
29
(Ажардан туған) Ысмағұлдың үрім-бұтағының тарихы мынау: тұңғышы Набайот, одан кейін Қидар, Адбел, Мипсам,
30
Мишма, Дума, Масса, Хадад, Тема,
31
Етур, Нафиш, Кедмах туды. Бұлардың бәрі Ысмағұлдан тарады.
и
32
Ыбырайымның кәнизагы Кетурадан көрген ұлдары: Зимран, Жоқшан, Медан, Мадиян,
к
Ишбақ, Шуах. Жоқшанның ұлдары: Сәба,
қ
Дедан.
л
33
Мадиянның ұлдары: Ефа, Ефер, Ханох, Абида, Елдаға. Бұлардың барлығы да Ыбырайымның Кетурадан көрген ұрпақтары болатын.
34
Ыбырайымның Сарадан көрген ұлы — Ысқақ. Ысқақтың ұлдары: Есау, Исраил (Жақып).
Есаудың (Едомның) үрім-бұтағы
35
Есаудың (Едомның)
м
ұлдары: Елипаз, Рәгуел, Егуш, Яғлом, Қорах.
36
Елипаздың ұлдары: Теман, Омар, Сефо, Ғатам, Кеназ. Елипаз Тимнадан Амалек есімді ұл көрді.
н
37
Рәгуелдің ұлдары: Нахат, Зарах, Шаммах, Миза.
Едом еліндегі Сейір халқы
38
Сейірдің ұлдары:
о
Лотан, Шобал, Сибеон, Анах, Дишон, Езер, Дишан.
39
Лотанның ұлдары: Хори, Хемам. Тимна Лотанның қарындасы болатын.
40
Шобалдың ұлдары: Албан, Манахат, Ебал, Шебо, Онам. Сибеонның ұлдары: Аях, Анах.
41
Анахтың ұлы: Дишон. Дишонның ұлдары: Хемдан, Ешбан, Итран, Керан.
42
Езердің ұлдары: Билхан, Зағауан, Яқан.
ө
Дишанның ұлдары: Ус,
п
Аран.
Едом еліндегі ежелгі билеушілер
43
Исраил халқын билейтін патша шықпай тұрғанда Едом елінде билік құрған патшалардың аты-жөндері мыналар: Беғор ұлы Бела, оның тұрған қаласының аты Дінхаба еді.
44
Бела қайтыс болды, оның орнына Босорадағы Зарах ұлы Жобаб патшалық құрды.
45
Жобаб қайтыс болды, оның орнына темандықтардың елінен келген Хушам патшалық құрды.
46
Хушам қайтыс болды, оның орнына Бедад ұлы Хадад патшалық құрды. Ол мадияндықтарды Моаб жерінде жеңіп шықты. Хададтың тұрған қаласының аты Ауит болатын.
47
Хадад қайтыс болды, оның орнына Масректен келген Самла патшалық құрды.
48
Самла қайтыс болды, оның орнына Евфрат өзенінің бойында орналасқан Рехоботтан келген Саул патшалық құрды.
49
Саул қайтыс болды, оның орнына Ахбор ұлы Бағал-Ханан патшалық құрды.
50
Бағал-Ханан қайтыс болды, оның орнына Хадад патшалық құрды. Оның тұрған қаласының аты Пау еді. Әйелі Мехетабелдің шешесі Матред, ал нағашы әжесі Месахаб болатын.
51
Кейін Хадад та қайтыс болды.


Едомның рубасылары: Тимна, Алуа, Етет,
52
Охолибама, Ела, Пинон,
53
Кеназ, Теман, Мипсар,
54
Магдиел, Ирам. Едом халқының рубасылары осылар еді.

а  Жар 5:3-29.

ә  Жар 5:32.

б  Жар 10:3; Ерм 51:27.

в  Осы есімнің басқа түрі: Роданим.

г  Осы есімнің басқа түрі: Шева.

ғ  Жар 10:14; Заң 2:23; Амо 9:7.

д  (Жар 10:23) Ус есімінің Уц, ал Мешехтің Маш деген түрлері де бар.

е  Немесе: оның заманында халық бөлініп жер бетіне бытырап кетті (Жар 10:25; 11:1-9).

ж  (Жар 10:28) Осы есімнің басқа түрі: Евал.

з  Жар 17:15.

и  Жар 25:12-16.

к  (Жар 25:2; Мыс 2:15-16; 18:1; Рул 25:1-6; 31:2) Осы есімнің басқа түрі: Мидиян.

қ  (Жар 25:3; Пат3 10:1) Осы есімнің басқа түрлері: Шева, Сава.

л  Иш 21:13; Езк 27:20-23.

м  Жар 25:25,30; 36:1.

н  1:39; Жар 36:12,22; Мыс 17:8-16.

о  Жар 36:20-21,29-30.

ө  (Жар 36:27) Осы есімнің басқа түрі: Ақан.

п  (Жар 36:28; Әйүп 1:1; Ерм 25:20; Жоқт 4:21) Осы есімнің басқа түрі: Уц.